Жаз мезгілінде тағамнан улану жағдайлары жиілейді. Жоғары температура бактериялардың тез көбеюіне қолайлы жағдай жасап, тағамның бұзылу қаупін арттырады. Назарларыңызға 34 жылдық тәжірибесі бар гастроэнтеролог Нәзира Мәндібаеваның тағамнан уланудың себептері мен алдын алу жолдары кеңестерін ұсынамыз.
– Тағамнан улану – ас қорыту жүйесінің бұзылуынан туындайтын ауру. Көп жағдайда оның себебі – тағам құрамында сары стафилококк пен ішек таяқшасы сияқты бактериялардың көбеюі. Уланған кезде уақыт жоғалтпай, дәрігерге қаралу қажет. Жазда әсіресе майонез немесе қаймақ қосылған салаттар, кілегейлі кондитерлік өнімдер және тартылған еттен дайындалған тағамдар қауіп тудыруы мүмкін, – дейді маман.
Дәрігердің айтуынша, дұрыс жуылмаған көкөністер мен жеміс-жидектердің бетінде ішек инфекцияларын қоздыратын микроорганизмдер қалуы мүмкін. Ал нитрат мөлшері жоғары өнімдерді қолдану да адам денсаулығына кері әсер етеді. Мысалы, нитраты көп қарбыз жегеннен кейін 4-6 сағат ішінде жүрек айну, іштің ауыруы, дене қызуының көтерілуі, іш өту және әлсіздік белгілері байқалуы мүмкін. Қарбыздың табиғи пісетін кезеңі – тамыз және қыркүйек айлары.
– Тағамнан ғана емес, дұрыс сақталмаған сусындардан да улану қаупі бар. Күн астында немесе ыстық жерде тұрған сусындардың құрамында зиянды бактериялар мен вирустар көбеюі мүмкін. Қауіпті өнімдерге жарамдылық мерзімі өткен сүт өнімдері, газдалған тәтті сусындар, сондай-ақ сақтау талаптары бұзылған квас пен шырындар жатады, – дейді гастроэнтеролог.
Дәрігер тағамнан уланудың алдын алу үшін үш негізгі ережені сақтауға кеңес береді:
1. Тазалықты ұмытпаңыз
Сырттан келгеннен кейін, тамақ дайындау алдында және дәретханадан соң қолды сабынмен мұқият жуу қажет. Балалардың қол тазалығына ерекше назар аударған жөн.
2. Тағам дайындау қауіпсіздігін сақтаңыз
Егер дене қызуы көтеріліп, іш ауырып немесе ас қорыту бұзылса, отбасыңызға тамақ дайындамаған жөн. Дайын тағамды ұзақ сақтамай, бір тәулік ішінде тұтынған дұрыс.
3. Өнімдерді дұрыс таңдаңыз
Ет пен балық өнімдерін тек сенімді сауда орындарынан сатып алыңыз. Жарамдылық мерзімін, сыртқы түрін және иісін міндетті түрде тексеріңіз.
Гастроэнтеролог уланып қалмау үшін басты үш ережені ұстанауды ұсынады.
Тазалық қағидаларын сақтау: сырттан келгенен кейін және тамақтанар алдында, дәретханадан кейін қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз, әсіресе балалардың қол жууын қадағалаңыз. Көкөніс, жеміс жидектерді, шөптерді ағын сумен, ал кішкентай балаларға беру үшін қайнаған сумен жуыңыз.
Тамақ пісіру қауіпсіздігін сақтаңыз. Егер сіз өзіңізді жайсыз сезініп, дене қызуы, нәжістің бұзылуы, іштің ауыруы болса от басына тамақ дайындамаңыз. Қалған тамақты бір күнен артық сақтамаңыз.
Ет пен балық өнімдерін тексеретін жерден сатып алыңыз. Олардың мерзімін, өнімнің сапасын оқып және иісін иіскеп тексеріңіз.