ҚР ПІБ МО ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

қр піб мо ұлттық госпиталі

Тарих

Тарих

«Ұлттық Госпиталь» РМК – бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кең ауқымды медициналық қызметтерді көрсететін, «озық» емдеу-диагностикалық технологиялары бар елдегі үздік медициналық мекемелердің бірі болып табылады.
 
БІЗДІҢ ТАРИХЫМЫЗ
«ҚР Ұлттық ауруханасы» еліміздегі ең көне медициналық ұйымдардың бірі болып табылады. Аурухананың даму тарихы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесімен тығыз байланысты. Қазіргі уақытта аурухана науқастарды емдеуді ұйымдастыруға инновациялық көзқарасымен ерекшеленеді. Дәл осында отандық және шетелдік денсаулық сақтау саласындағы көптеген жаңалықтар жүзеге асырылады, көптеген ауру түрлерін диагностикалау мен емдеудің ең озық әдістері енгізіледі.
 
Сандардағы біздің тарихымыз:
  • 1929 – Халық Комиссарлары Кеңесі қызметкерлеріне арналған амбулаторияның ашылуы (тарихтың басталуы);
  • 1931 – Хирургия бөлімінің ашылуы;
  • 1939 – Рентген кабинетінің, санаторий бөлімшесінің және балшықпен емдейтін емхананың ашылуы;
  • 1946 – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің ауруханасы болып қайта аталды;
  • 1965 – Жедел жәрдем бөлімшесі ашылды;
  • 1969 – Анестезиология және реанимация бөлімінің ашылуы;
  • 1972 – ЛОР бөлімшесінің ашылуы;
  • 1977 – Бірыңғай клиникалық-диагностикалық зертхана құрылды;
  • 1994 – Дипломатиялық миссияларға қызмет көрсету бөлімшесінің ашылуы;
  • 2009 – Хирургиялық орталықтың ашылуы;
  • 2011 – Кардиология орталығы мен интервенциялық кардиология орталығының ашылуы;
  • 2012 – ISO ұлттық аккредиттеуі;
  • 2015 – JCI аккредитациясы (2018, 2021, 2024 жж. жаңартылды);
  • 2016 – Нейрохирургия бөлімшесінің ашылуы;
  • 2017 – Акционерлік қоғамға айналу, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында алғашқы медициналық-санитарлық көмекті енгізу;
  • 2019 – Онкологиялық хирургия бөлімшесінің ашылуы;
  • 2022 – Аритмология орталығы мен Паркинсон ауруын емдеу орталығының ашылуы;
  • 2023 – Ребрендинг — АҚ ЦКБ «Ұлттық госпиталь» болып өзгертіліп, ШЖҚ РМК мәртебесін алды;
  • 2023 – Геронтология орталығының ашылуы.