Биыл Астанаға 28 жыл толды. Осы уақыт ішінде өзіндік сәулет стилі, айрықша келбеті және қалыптасқан дәстүрлері бар жаңа қала бой көтерді. Бүгінде оны еңбек етуге қолайлы қала деп атайды.
Ұлттық госпиталь дәріханасының меңгерушісі елордаға ауқымды құрылыс басталған алғашқы жылдары келді. Ол өзінің еңбек жолын Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Базалық дәріханасында провизор-технолог қызметінен бастады.
– Ол кезде мен ешқандай қиындық көрген жоқпын. Өзім Астананың тумасымын, сондықтан аяз бен желден қорықпадым. Ол кезде мұндай ауа райы басқа өңірлерден келгендерді қатты таңғалдыратын. Керісінше, елорда мен үшін мол мүмкіндік пен кәсіби дамудың қаласына айналды. Базалық дәріхана Кенесары көшесі, 50 мекенжайында, қаланың оң жағалауында орналасқан еді. Ал сол жағалау енді ғана салына бастаған болатын. Қаланың қалай бой көтеріп жатқанын өз көзімізбен көрдік және осының бәріне алғашқылардың бірі болып куә болғанымызды мақтан тұттық.
Елорда Әлия Батырбековаға провизордан дәріхана меңгерушісіне дейінгі кәсіби жолдан өтуге мүмкіндік берді. Ол бастауыш партия ұйымын басқарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының ашылу рәсімінде елдің алғашқы басшыларын өз көзімен көрді.