ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде кәсіби мереке — Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Осы күні дәрігерлер, мейіргерлер және түрлі сала мамандары жоғары кәсібилігі, өз ісіне адалдығы және денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды.
Іс-шараның ерекше сәті Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінің басшысы Асхат Зинешұлы Браловтың «Құрмет» орденімен марапатталуы болды. Мемлекеттік награда оған медицина саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі, көп жылғы еңбегі және жоғары кәсібилігі үшін табысталды.
Салтанатты рәсім аясында госпитальдің 40-тан астам қызметкері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының, ҚР ПІБ Медициналық орталығының, Алмалы ауданы әкімдігінің және Ұлттық госпитальдің марапаттарына ие болды.
Әрбір марапат – медицина қызметкерлерінің күнделікті еңбегінің, жауапкершілігінің және командалық жұмысының лайықты бағалануы.