Тірек-қимыл аппаратының, нерв жүйесінің, жүрек-қан тамыры жүйесінің, тыныс алу органдарының және басқалардың ауруларын қоса алғанда, аурулардың кең спектрін емдеу және оңалту жүргізілетін Ұлттық госпитальдің физиотерапия және оңалту бөлімшесі.
Қызметтер:
Физиотерапиялық емшаралар жарақаттардан, операциялардан, инсульттерден және басқа да жағдайлардан кейін оңалтуда маңызды рөл атқарады, жоғалтқан функцияларын қалпына келтіруге көмектеседі. Бөлімшеде кең ауқымды қызметтер көрсетіледі:
Электрлік емдеу (диадинамотерапия, электростимуляция, УВЧ терапия, СВЧ терапия, дарсонвализация, магнитотерапия, гальванизация, дәрілік препараттардың электрофорезі);
Аэроионмен емдеу (тұз шахтасы, оксигенотерапия, дәрілік препараттарды ингаляциялау);
Жарық терапиясы (УФО, лазер терапиясы, Биоптронмен емдеу);
Жылумен емдеу (озокерит, парафин);
Баротерапия (прессотерапия);
Механотерапия (аяқ-қол, бас, бет бұлшық еттері, мойын-жаға аймағы бұлшық еттері, кеуде қуысы, бел-сегізкөз аймағы, арқа, аяқ массажы; дренаждық, лимфодренаждық массаж);
Құрғақ су асты душ-массаж;
Гидроколонотерапия (ішекті суару).
Емдеу жетекші ағылшын (BTL), испан (Transcom S.L.), неміс (Parimaster), итальян (Cosmogamma), жапон (Omron) өндірушілерінен PREMIUM сыныпты жабдықтарда жүргізіледі.
Физиопроцедураларды орындау бөлімшенің емшара кабинеттерінде ғана емес, жергілікті жерлерде де (палаталарда) жүргізіледі.
Бөлімшенің дәрігерлері алыс және жақын шетелдің (Израиль, Түркия, Ресей, Оңтүстік Корея) үздік клиникаларында маманданудан және оқытудан өтті.
Физиотерапия және оңалту бөлімшесінің дәрігерлері:
Дощанова Райхан Мұхаметрахимқызы – бөлімше меңгерушісі, м.ғ.к., жоғары санатты дәрігер;
Асанова Қамажай Санкебайқызы – аға дәрігер, жоғары санатты дәрігер;
Нысанбаева Гүлмира Әбдуанқызы – дәрігер-физиотерапевт, жоғары санатты дәрігер;
Дорофеева Индира Шафхатқызы – дәрігер-физиотерапевт, бірінші санатты дәрігер.
Copy - Demo Title
This will close in 15 seconds
ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК
Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время