НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Эндоскопия бөлімшесі

Эндоскопия бөлімшесі

Бөлімшесі туралы:
Эндоскопия бөлімі асқазан-ішек жолдары мен тыныс алу жолдарын қоса алғанда, қуысты ағзалар мен дене қуыстарын тексеру және емдеу үшін диагностикалық және емдік процедураларды жүргізеді. Оларға ЭГДС, колоноскопия, бронхоскопия жатады. Сонымен қатар полиптерді алып тастау, қан кетуді тоқтату, биопсия, стенттеу, буждау, бөгде заттарды шығару және басқа да аз инвазивті операциялар орындалады. Көп жағдайда процедуралар седациямен (дәрі-дәрмектік ұйқы) жүргізіледі.
 
Негізгі диагностикалық қызметтер:
  • Эндоскопист дәрігердің консультациясы (алғашқы).
  • Эндоскопист дәрігердің консультациясы (қайталама).
  • Толық видеоколоноскопия (колоноскопия).
  • Толық видеоколоноскопия (колоноскопия) + эндоскопиялық зерттеу жүргізуге арналған көктамырішілік анестезия (1 зерттеу).
  • Видеоэзофагогастродуоденоскопия (ФГДС).
  • Видеоэзофагогастродуоденоскопия (ФГДС) + эндоскопиялық зерттеу жүргізуге арналған көктамырішілік анестезия (1 зерттеу).
  • Видеотрахеобронхоскопия.
  • Видеотрахеобронхоскопия + эндоскопиялық зерттеу жүргізуге арналған көктамырішілік анестезия (1 зерттеу).
  • Эндоскопия пакеті (Видеоэзофагогастродуоденоскопия (ФГДС) + толық видеоколоноскопия (колоноскопия) + эндоскопиялық зерттеу жүргізуге арналған көктамырішілік анестезия), биопсия және Helicobacter ПТР құнын есепке алмағанда.
  • Видеоларингоскопия.
  • Видеоректороманоскопия.
  • Капсулалық эндоскопия.
  • Ларингобронхоскопия.
  • Эндоскопиялық зерттеу жүргізуге арналған көктамырішілік анестезия (1 зерттеу).
  • Трансбронхиалды өкпеішілік қысқыштық/пункциялық биопсия (қысқыштар мен инелер құны енгізілген).
  • Емдік (санациялық) бронхоскопия.
  • Бронхоскопиялық қысқыштық биопсия алу (қысқыш құны енгізілген).
  • Диагностикалық бронхоальвеолярлық шайынды (БАС) алу.
  • Қысқыштық биопсия алу (қысқыш құны енгізілген).
Негізгі емдік және операциялық қызметтер:
  • Асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлімінен бөгде заттарды алу.
  • Тыныс алу жолдарынан бөгде заттарды алу.
  • Асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөліміндегі тыртықты тарылуларды баллонды дилатациялау.
  • Тоқ ішектегі тыртықты тарылуларды баллонды дилатациялау.
  • Өңештің тыртықты тарылуларын буждау.
  • Асқазан-ішек жолдарындағы жыланкөздерді/анастомоз жеткіліксіздігін жабу (Ovesco құнын есепке алмағанда).
  • Колоректалды стенттеу (стент құнын есепке алмағанда).
  • Өңештің варикозды кеңейген көктамырларын лигирлеу.
  • Асқазан-ішек жолдары ағзаларындағы неоплазияны (ерте обыр, дисплазия) шырышасты диссекциялау (инъектор құны енгізілген).
  • Асқазан-ішек жолдары ағзаларындағы неоплазияны резекциялау (инъектор мен ілмек құны енгізілген).
  • Асқазан-ішек жолдарынан қан кету кезінде инъекциялық гемостаз (инъектор құны енгізілген).
  • Өңешті стенттеу (стент құнымен бірге).
  • Асқазанішілік баллондарды орнату (баллон құнын есепке алмағанда).
  • Асқазанішілік баллондарды алып тастау.
  • Эндоскопиялық бақылаумен гастростома орнату (гастростома құнын есепке алмағанда).
  • Асқазан-ішек жолдарының 1 ағзасынан I және II күрделілік санатындағы эндоскопиялық полипэктомия.
  • Эндоскопиялық гемостаз (шығын материалдарын есепке алмағанда).
  • ЭРХПГ ЭПСТ-пен бірге.
  • ЭРХПГ ЭПСТ-пен және өт жолдарын I күрделілік санаты бойынша стенттеу (стент құнын есепке алмағанда).
  • ЭРХПГ ЭПСТ-пен және өт жолдарын II күрделілік санаты бойынша стенттеу (стент құнын есепке алмағанда).
  • ЭРХПГ ЭПСТ-пен және холедохолитэкстракция I күрделілік санаты.
  • ЭРХПГ ЭПСТ-пен және холедохолитэкстракция II күрделілік санаты.
Жабдықтар:
Әртүрлі диагностикалық және емдік әдістер жапон, неміс, америкалық және кореялық жетекші өндірушілердің PREMIUM класты жабдықтарында жүргізіледі.
Зерттеулер мен диагностика Қазақстан Республикасы мен Орталық Азиядағы ең ірі көпсалалы зертханада орындалады. Бұл зертхана талдау нәтижелерінің нақтылығы мен жылдамдығы бойынша көшбасшы болып табылады.
 
Бөлімшесі дәрігерлері:
  • Секербеков Шоқан Айтқазинович — бөлім меңгерушісі;
  • Төребеков Ғани Асылханұлы — эндоскопист дәрігер;
  • Әбілмәжінов Қуат Юрьевич — эндоскопист дәрігер.

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время