Ұлттық госпитальдің патологоанатомиялық бөлімшесі гистологиялық, цитологиялық және иммуногистохимиялық зертханалардан, сондай-ақ прозектурадан тұрады.
Патологоанатомиялық бөлімше диагностикалық үдерістің маңызды буыны болып табылады және аурулардың жоғары дәлдікті морфологиялық диагностикасын қамтамасыз етеді. Бөлімшенің қызметі диагнозды қою және нақтылау, клиникалық емдеудің тиімділігін бағалау, сондай-ақ жалпы дәрігерлік көмектің сапасын арттыруға бағытталған.
Бөлімшенің дәрігер-патологоанатомдары мен дәрігер-цитологтары ота және биопсиялық материалдарға гистологиялық, цитологиялық және иммуногистохимиялық зерттеулер жүргізеді, басқа емдеу-профилактикалық мекемелерден алынған гистологиялық препараттарды морфологиялық диагноздарды верификациялау және сәйкестендіру мақсатында қайта қарап шығады. Ерекше назар қатерлі үдерістерді ерте сатысында анықтауға мүмкіндік беретін онкоцитологиялық диагностикаға аударылады.
Қызметтер
Патологоанатомиялық бөлімше науқастарға өмірінде жүргізілетін кең ауқымды диагностикалық зерттеулерді орындайды.
Өмірінде жүргізілетін зерттеулер:
Биопсиялардың гистологиялық зерттеуі
Диагностикалық рәсімдер барысында алынған тін үлгілерін (биоптаттарды) қабыну, дистрофиялық, ісікалды және ісіктік ауруларды, соның ішінде онкологиялық патологияны анықтау мақсатында зерттеу.
Ота материалдарының гистологиялық зерттеуі
Хирургиялық араласулар кезінде алынған ағзалар мен тіндерді (мысалы, аппендикс, жатыр, жаңа түзілімдер) зерттеу арқылы диагнозды нақтылау, үдерістің сипатын, ауру сатысын және отаның радикалдылығын анықтау.
Иммуногистохимиялық (ИГХ) зерттеулер
Тіндерді арнайы бояу әдістерін қолдану арқылы бедеуліктің эндометриялық себептерін дәл диагностикалау.
Интраоперациялық диагностика
Хирургиялық оталар кезінде шұғыл гистологиялық зерттеулер жүргізу. Бұл клиникалық шешімдерді жедел қабылдауға және әрі қарайғы ем тактикасын анықтауға мүмкіндік береді.
Цитологиялық зерттеулер
Қырынды, пункция және биологиялық сұйықтықтардан алынған жасушалық материалды талдау. Бұл әдіс аурудың ерте кезеңдерінде патологиялық өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.
Қайтыс болғаннан кейінгі зерттеулер
Қайтыс болғаннан кейінгі диагностика аясында бөлімше келесі жұмыстарды орындайды:
Аутопсиялар (патологоанатомиялық ашып қарау)
Қайтыс болған адамның денесін кешенді зерттеу арқылы өлімнің негізгі себебін анықтау, клиникалық және морфологиялық диагноздарды салыстыру, сондай-ақ ықтимал диагностикалық және емдік қателіктерді айқындау.
Ағзалар мен тіндерді зерттеу
Ішкі ағзалар мен организм жүйелерін макро- және микроскопиялық деңгейде егжей-тегжейлі зерттеу арқылы патологиялық өзгерістерді анықтау.
Материалды зертханалық өңдеу
Алынған үлгілерді дайындау, бекіту, бояу және микроскопиялық зерттеу – патологоанатомиялық диагностика стандарттарын толық сақтай отырып жүргізіледі.