ҚР ПІБ МО ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

қр піб мо ұлттық госпиталі

Білікті маман — сапалы диагностика

Ұлттық госпитальдің МРТ бөлімшесінің меңгерушісі Мағжан Сайынұлы - жинаған тәжірибесін жастарға үйретіп келе жатқан білікті мамандарды бірі. Дәргермен сұхбаттасып, бірқатар сауалдарымызға жауап алған едік

 

- МРТ медицина саласында негізгі роль атқаратын құрал. Заман талабына сай ауруды анықтау әдісі де өзгеріп жатқан болар?

 

— -Әрине, МРТ - диагностикалық бейнелеу әдістерінің ішіндегі ең ақпараттық әдістердің бірі. Жаңа технологиялар мен ғылыми жетістіктердің арқасында диагностикалық мүмкіндіктер үнемі дамып келеді. Сондықтан медициналық жабдықтар жиі жаңартылып отырады. Біз бұрын 0,2-Tesla МРТ сканерлерімен жұмыс істедік, ал қазір Алматыда 3-Tesla МРТ жүйелері қолданылуда. Бұл аппараттар анатомиялық аймақтарды өте жақсы визуализациялауға және сканерлеу уақытын қысқартуға көмектеседі. Біздің Ұлттық госпитальге арналған жобамыз аурухананы 3-Tesla МРТ және 640 тілімді КТ сканерлері сияқты жетекші брендтердің заманауи медициналық технологияларымен жабдықтауды жоспарлап отыр.

 

- МРТ анықтайтын ауру түрлеріне тоқталсаңыз..

 

- МРТ диагностикалық бейнелеудің негізгі және тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Ол ми мен жұлынның патологиялары мен ауруларына, жүйке жүйесінің бұзылыстарына, жұмсақ тіндер мен буындарға әсер ететін зақымдарды анықтау үшін қолданылады. Өкпе аурулары мен сүйек жүйесінің патологиялары рентген және КТ көмегімен диагностикаланады.

 

- Қатерлі ісіктің еліміз бойынша статистикасы бар ма? Оның ішінде сүт безі ісігінің өсуі немесе азаю көрсеткіші жайлы айта отырсаңыз.

 

- Қолда бар деректерге сүйенсек, сүт безі қатерлі ісігі әйелдер арасында жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі болып отыр. Елімізде тоқ ішек, өңеш, асқазан және өкпе ісігі басым. Соңғы он жылда бұл аурулар жас адамдарда жиі кездеседі. Мемлекет онкологиялық ауруларды анықтып, емдеуге баса назар аударып отыр . Соңғы жылдары диагностиканың жақсаруы мен скринингтік бағдарламалардың кеңеюіне байланысты анықтау көрсеткіштерінің өсуі байқалды. Бұл ауруды ерте кезеңде анықтауға және уақытында емдеуге мүмкіндік береді.

 

- Онкология саласында жүргеніңізге 22жыл болған екен. Шәкірттеріңіз бар ма?

 

-20 жылдан аса жұмысым мен оқытушылықты қатар алып келе жатырмын. Мен ҚРМУ-де радиология кафедрасының доцентімін. Осы жылдар ішінде мен көптеген жас мамандарды оқыттым. Олардың көпшілігі еліміздің әр аймағында қызмет атқарып, тәжірибелі рентгенологтарға айналды. Олардың жетістігіне қуанамын, мақтан етемін. Мен үшін науқастарды емдеу ғана емес, сонымен қатар білімім мен тәжірибемді келесі буын дәрігерлерге беру маңызды. Ұлттық гсопитальде мен бөлім меңгерушісі ғана емес, сонымен қатар 1-санатты тәлімгермін.

 

- Дәрігер ретінде басты қағидаңыз қандай?

 

- Менің басты қағидам – өмірде де медицинада да үнемі ізденіп, өзіңді дамыту. Дәрігер кәсіби тұрғыда өсуді, оқуды ешқашан тоқтатпауы керек. Науқастар тек қана жоғары сапалы медициналық көмек қана емес, сонымен қатар дәрігердің қолдауы мен мейірімін қажет ететінін үнемі есте ұстаған жөн.
МРТ Будущего