Бөлімшесі туралы:
Кардиологиялық бөлімше мамандандырылған емдеу-диагностикалық көмек көрсетеді. Бөлімшеде кардиологиялық бейіндегі ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи дағдыларын меңгерген жоғары кәсіби кардиологтар тобы жұмыс істейді. Бөлімшеде жүрек-қан тамыры жүйесінің әртүрлі патологиялары бар, негізінен миокард инфаркті, тұрақсыз стенокардия, жүрек алды фибрилляциясы, жүрек жетіспеушілігі және өкпе артериясының тромбоэмболиясы бар пациенттерге көмек көрсетіледі және JCI сапасының әлемдік стандарттарына сәйкес олардың профилактикасын жүргізеді.
Бөлімшеде жүрек-қан тамыры жүйесі (тұрақсыз стенокардия, жіті миокард инфарктісі; жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің пароксизмалдық бұзылуына қауіп төндіретін), асқынулары бар жүректің ишемиялық ауруы сияқты шұғыл аурулары бар пациенттерге кәсіптік қарқынды терапия көрсетіледі; асқынулары бар гипертониялық криз, орталық нерв жүйесі (ми қан айналымының жіті бұзылулары), хирургиядағы шұғыл жағдайлар (кардиохирургия, нейрохирургия, урология, гинекология, онкология және т.б.), терапевтік бейіндегі аурулар. Пациенттер жай-күйі тұрақтандырылғанға дейін емделіп, кейіннен аурухананың бейінді бөлімшелеріне ауыстырылады. ОРИТ бөлімшесіне түскен барлық пациенттерге бейнебақылау, көп функционалды кардиомониторлармен ағзаның өмірлік маңызды функцияларына мониторинг жүргізіледі.
Бөлімшеде «гипербарикалық оксигенация» – емделуші арнайы барокамерада жоғары қысыммен оттегін жұтатын емдеу әдісі пайдаланылады. Рәсімнің мақсаты ағза тіндеріне түсетін оттегінің мөлшерін ұлғайту болып табылады, бұл жарақаттарды емдеуге, инфекциялармен күресуге және жалпы жағдайды жақсартуға ықпал етеді. Гипербариялық оксигенацияға көрсеткіштер мыналарды қамтуы мүмкін: декомпрессиялық ауру, улы газбен улану, ауыр инфекциялар, қиын емдеу жаралары, сәулелік зақымдану, қант диабеті және т.б.
Жабдық:
Әртүрлі диагностика мен емдеу әдістері жетекші жапон, неміс, американдық және корей өндірушілерінің PREMIUM класты жабдықтарында жүргізіледі.
Зерттеулер мен диагностика талдау нәтижелерінің анықтығы мен жылдамдығы бойынша көшбасшы болып табылатын Қазақстан Республикасы мен Орталық Азияның ең ірі көп бейінді зертханасында орындалады.
Бөлімше дәрігерлері:
- Есенқұлова Сезім Мелісқызы – бөлімше меңгерушісі;
- Иванова Людмила Вениаминовна – дәрігер-кардиолог;
- Бекишева Наргиз Мылтықбайқызы – дәрігер-кардиолог.