ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ
Call center:
+7 (727) 338 43 10
+7 776 338 43 10
Кезектен тыс ауруханаға жатқызу:
+7 707 262 29 61
Сенім телефоны
.+7 (727) 261 97 15
Еңбектеріңізге рақмет
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Осы күні жоғары кәсібилігі, өз ісіне адалдығы және денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін дәрігерлер, мейіргерлер және түрлі бағыттағы мамандар марапатталды.
Іс-шараның ерекше сәті Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінің басшысы Асхат Зинешұлы Браловтың «Құрмет» орденімен наградталуы болды. Мемлекеттік награда оған медицина саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі, көп жылғы еңбегі және жоғары кәсібилігі үшін табысталды.
Салтанатты рәсім барысында госпитальдің 40-тан астам қызметкері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігінің және Ұлттық госпитальдің наградаларымен марапатталды.
Әрбір марапат – медицина қызметкерлерінің күнделікті еңбегіне, жауапкершілігіне және ұжымдық жұмысына көрсетілген құрмет пен мойындаудың белгісі.