ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі – еліміздегі ең көне медициналық ұйымдардың бірі. Аурухананың даму тарихы Қазақстанның бүкіл денсаулық сақтау жүйесімен тығыз байланысты. Қазіргі уақытта аурухана пациенттерді емдеуді ұйымдастырудағы жаңашыл тәсілімен ерекшеленеді. Дәл осы жерде отандық және шетелдік денсаулық сақтау саласындағы көптеген жаңалықтар жүзеге асырылып, әртүрлі ауруларды диагностикалау мен емдеудің ең озық әдістері енгізілуде.
Біздің тарихымыз цифрларда:
1929 – Халық Комиссарлар Кеңесі қызметкерлеріне арналған амбулаторияның ашылуы (тарихтың басталуы);
1931 – Хирургиялық бөлімшенің ашылуы;
1939 – Рентген-кабинеттің, санаторий бөлімшесінің және балшықпен емдеу бөлімінің ашылуы;
1946 – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің ауруханасы деп қайта аталды;
1965 – Жедел жәрдем бөлімінің ашылуы;
1969 – Анестезиология және реанимация бөлімінің ашылуы;
1972 – ЛОР бөлімінің ашылуы;
1977 – Бірыңғай клинико-диагностикалық зертхананың құрылуы;
1994 – Дипломатиялық өкілдіктерге қызмет көрсету бөлімінің ашылуы;
2009 – Хирургиялық орталықтың ашылуы;
2011 – Кардиологиялық орталық пен интервенциялық кардиология орталығының ашылуы;
2012 – ISO ұлттық аккредитациясы;
2015 – JCI аккредитациясы (2018, 2021, 2024 жылдары жаңартылды);
2016 – Нейрохирургия бөлімінің ашылуы;
2017 – Акционерлік қоғамға қайта құрылу, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында алғашқы медициналық-санитарлық көмекті енгізу;
2019 – Онкохирургия бөлімінің ашылуы;
2022 – Аритмология орталығы мен Паркинсон ауруын емдеу орталығының ашылуы;
2023 – Ребрендинг: «ОКБ» АҚ «Ұлттық госпиталь» болып өзгертіліп, ШЖҚ РМК мәртебесін алды;
2023 – Геронтология орталығының ашылуы.
Copy - Demo Title
This will close in 15 seconds
ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК
Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время