ҚР ПІБ МО ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

қр піб мо ұлттық госпиталі

Бүгін халықаралық тәлімгерлер күні

Ол АҚШ-та жастармен өз тәжірибесімен тегін бөлісетін адамдарға құрмет ретінде құрылған. Ұлттық госпитальда тәлімгерлік қағидасы негізі қаланғаннан бері жұмыс істеп келеді, мамандар әрдайым тәжірибеге жаңадан келгендерді өз қанаттарының астына алады, бұл медицинада өте өзекті. Осындай мамандардың бірі хирургия бойынша мейірбике ісінің меңгерушісі Майра Байскакова. Келесі жылы ол қырық жылдық еңбек өтілін атап өтеді, ауруханада 24 жыл жұмыс істейді және әрқашан ең қиын жерде жұмыс істейді — операциялық бөлмелерде.
 
— Әдетте жаңа қызметкерлерге үш ай бойы тәлімгер боламыз. Олардың ұжымға тез бейімделуіне көмектесіп, жұмыстың барлық қыр-сырын үйретеміз. Бұл дәрігерлерге де, орта және кіші медицина қызметкерлеріне де қатысты, – дейді Майра Қабденқызы. – Медицина – өте күрделі сала. Мұнда тәжірибе, кәсіби ептілік пен ұқыптылық қажет, ал мұндай қасиеттер бірден қалыптаспайды. Үш ай ішінде біз бар біліміміз бен тәжірибемізді бөлісеміз. Кейін сол жас мамандардың өздері де тәлімгер атанып, кейінгі буынға бағыт-бағдар береді.
 
Осындай тәлімгерлік жүйесінің арқасында госпитальде жоғары білікті мамандардан құралған кәсіби ұжым қалыптасып, барлық жұмыс біртұтас механизмдей үйлесімді жүзеге асады.
Сегодня международный день наставников