ҚР ПІБ МО ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

қр піб мо ұлттық госпиталі

Су бейқамдықты кешірмейді

Жаздың ыстық мезгілінде біз су қоймаларында, теңізде демалуға немесе бассейндерге жиі баруға шығамыз. Бірақ көңілді демалыс трагедияға айналуы мүмкін екенін есте сақтау керек.  

 

Адам суға өз еркімен - шомылу, балық аулау, су астында аң аулау сияқты немесе кездейсоқ жағдайларда да: кеме апаты, суға құлау, зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде де түсуі мүмкін.

 

Статистика бойынша суға бату жағдайларының 80%-ы суға түсудегі ережелердің сақталмау салдары болып табылады. Сонымен қатар, кей кезде адам жүзе алмағандықтан емес, дүрбелең тудыратындықтан суға батады! 

 

Судағы жазатайым оқиғалардың негізгі себептері:
  • жүзуді білмейтін адамдардың суға түсуі;
  • балаларды тиісті деңгейде қадағаламау;
  • су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтамау, мас күйінде шомылу, жағалаудан алысқа жүзіп кету;
  • ескерту белгілерін елемеу, белгісіз жерлерде суға сүңгу және шомылу сүңгу кезінде су бетіне қатты соғылу;
  • сүңгу кезінде су айдынының түбіне баспен соғылу;
  • шамадан тыс шаршау, жарақат алу, бұлшықет құрысуы немесе суда есінен тану;
  • кенеттен суық суға түскенде дауыс саңылауының түйілуі немесе жүректің тоқтап қалуы («суықты шок»);
  • үрлемелі жүзу құралдарының жарылуы, судың қатты ағысы, иірімдер, биік толқындар, су өсімдіктеріне шырмалу және басқа да қауіптер.
Адамның суға батып бара жатқанын қалай түсінуге болады?

 

Шынайы өмірде адамның суға батуы кинода көрсетілетіндей болмайды. Батып бара жатқан адам айқайламайды, қолын қатты сермемейді, суды көп шашыратпайды және көмекке шақыра алмайды, өйткені оған ауа да, күш те жетіспейді! Жақын арадағы адамдар тіпті адамның қиындықта екенін де байқамауы мүмкін.

 

Егер сіз адамды суға батып бара жатыр деп ойласаңыз, оған назар аударып, бәрі дұрыс па деп сұраңыз. Егер сізге жауап бермесе немесе сіз мағынасыз көзқарас байқасаңыз, бұл көмек көрсетуге белгі болып табылады. 

 

Мұндай жағдайда басты ереже - уақыт жоғалтпау, өзіңді қолға алып, келесі қадамдарды орындау:
 
  • Сізге ештеңе қауіп төндірмейтініне көз жеткізіңіз, батып жатқанды судан тез шығарыңыз.
  • Зардап шегушінің есінің дұрыстығын тексеріңіз - «Сізге көмектесу керек пе?». Егер ол есінен танып қалса, көмекке шақырыңыз: Көмектесіңдер! Көмек керек! Жедел жәрдем шақырыңыз! ⠀
  • Тыныс алу, мойын артерияларында тамыр соғуы бар ма, тексеріңіз. Егер тыныс алуы болмаса, су тыныс алу жолдарынан шығуы үшін зардап шегушіні тізеңізге ішімен көлденең жатқызыңыз, басы кеудеден төмен болу керек. Судың шығуын жеңілдету үшін кеудеге бірнеше рет басыңыз.
  • Тыныс алу жолдарының өтімділігіне көз жеткізіңіз, зардап шегушіні арқасымен қатты бетке қойып, қолдарыңызбен құлып жасап (бір қолдың алақанын екінші қолдың үстінен) кеудесіне тереңдігі 5 см 30 рет ырғақты басыңыз. Басқан кезде қолды тік ұстаңыз, шынтақты бүкпеңіз;
  • 30 рет басқан соң бір қолыңызды мойынының астына бастың артына жақынырақ қойыңыз, екіншісін маңдайына қойып, басын аузын ашатындай етіп артқа аударыңыз. Содан кейін оның мұрнын қысыңыз, терең дем салыңыз: орамал немесе қолдағы мата арқылы зардап шегушінің аузына 2 үрлеу жасаңыз. Бұл ретте зардап шегушінің кеуде клеткасы көтерілуі тиіс;
  • Одан әрі жүрекке тікелей емес массаж жасап, жиілігі минутына кемінде 100 рет, «ауызға-ауыз» тыныс бере беріңіз. Бұл цикл жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін немесе зардап шегушіде өз бетінше тыныс алу пайда болғанға дейін үзілмеуі тиіс;
  • Егер сіз жүрек-өкпе реанимациясын бірге көрсетсеңіз, онда бір адам жүрекке массаж жасаса, екіншісі өкпеге ауа үрлейді. Жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін мойын артерияларындағы тамырлардың пульсациясын тексере отырып, кеудені 30 рет басыңыз және 2 рет дем салыңыз. Тамыр пульсациясын білекте іздемеңіз, бұл жерде оны таба алмайсыз!
Егер зардап шегушінің өз бетінше тыныс алуы қалпына келсе, жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін оны бүйіріне жатқызып, үстін жауып, денесін жылытыңыз. Оны жалғыз қалдырмаңыз, жай-күйін қадағалаңыз.

 

Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері:
  • тек арнайы жабдықталған және шомылуға рұқсат етілген орындарда ғана шомылыңыз, шомылып жатып бұзықылық жасамаңдар;
  • балаларды су жағасында бір сәтке де қараусыз қалдырмаңыз – бала әрдайым өзіңізден қол созым жерде болуы тиіс;
  • балалардың ересектердің қарауынсыз суға түсуіне жол бермеңіз;
  • алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін суға түспеңіз;
  • шектеу белгілері мен қалқымалы буйлардан асып жүзбеңіз;
  • бейтаныс жерлерде суға сүңгімеңіз және лас су айдындарында шомылмаңыз;
  • сенімсіз үрлемелі жүзу құралдарын пайдаланбаңыз және олармен жағалаудан алысқа шықпаңыз;
  • су айдындарында демалу кезінде әрдайым сақтық шараларын сақтаңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! 
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау – қайғылы оқиғалардың алдын алып, өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтаудың ең тиімді жолы.
 
Смаилова Ф.К., профилактика және салауатты өмір салты дәрігері
Вода не прощает беспечности!