Ұлттық госпитальда журналистер кәсіби мерекелерімен құттықталды
Қалам шеберлеріне жылы лебіздерін білдіруге мекеменің барлық басшылары келді. Госпиталь ашықтық қағидатын бұрыннан ұстанып келеді: дәрігерлер бұқаралық ақпарат құралдарына тұрақты түрде сұхбат беріп, әлеуметтік желілерді белсенді жүргізіп, өз саласының сарапшылары ретінде пікір білдіреді.
– Біз сіздердің еңбектеріңізді және өзара ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз. Тек терең әрі мазмұнды материалдардың арқасында дәрігерлерге деген сенімді нығайтып, халықты сапалы медицина туралы дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етуге болады. Мемлекет басшысы атап өткендей, ақпараттық даңғаза, ұсақ тақырыптар мен қарабайырлық дәуірінде сапалы әрі өзекті журналистиканың құндылығы бірнеше есе арта түседі, – деді Ұлттық госпитальдың басшысы Асхат Бралов.