Адамның әртүрлі жұқпалы аурулар мен вирустарға төзімділігі оның иммунитетіне байланысты. Кейде оның әлсіздігіне байланысты адам жиі ауырады. Иммундық жүйенің әлсіздігі бірнеше себептерге байланысты. Бұл туралы Ұлттық госпитальдің кардиолог-дәрігері Жазира Жақыпбайқызы Ақшаловадан сұрадық.
— Оларға жоғары стресс деңгейі, дұрыс тамақтанбау, жеткіліксіз физикалық белсенділік, созылмалы аурулар (мысалы, диабет, жүрек-қан тамырлары аурулары, бронх демікпесі), вирустық инфекциялар, генетикалық факторлар және жас ерекшеліктері (мысалы, егде жас, балалар) жатады. Иммундық жүйе жас ұлғайған сайын табиғи түрде әлсіреуі мүмкін, бұл ағзаның инфекцияларға қарсы тұру қабілетін төмендетеді.
— Сыртқы факторлар, иммунитетке әсер ететін: ауа райының өзгеруі, температураның күрт өзгеруі, вирустық және бактериялық инфекциялардың таралуы, қоршаған ортаның ластануы. Иммунитет күзде және қыста жиі төмендейді, себебі бұл уақытта адамдар негізінен жабық үй-жайларда болады, яғни қолайсыз ауа райына байланысты таза ауада аз серуендейді, кеңселерде немесе үйде отырады, бұл инфекциялардың таралуына қолайлы жағдай тудырады.
Дәрігер иммунитетті арттыру бойынша келесі кеңестерді ұсынады:
- Дұрыс және теңдестірілген тамақтану: көкөністерді, жемістерді, ақуыздарды және пайдалы майларды қосыңыз;
- Дене белсенділігі: аптасына кем дегенде 150 минут орташа қарқындылықтағы спортпен шұғылданыңыз, 10 мың қадам жүріңіз және бассейнге барыңыз;
- Шыдамдылықты үйреніңіз: медитация, йога немесе тыныс алу жаттығуларын жасаңыз;
- Толыққанды ұйқы: тәулігіне 7–9 сағат ұйықтауға дағдыланыңыз;
- Вакцинация: уақытында қажетті екпелерді жасатыңыз.