№ 3 терапия: Гастроэнтерология, Ревматология
№ 3 терапия: Гастроэнтерология, Ревматология
Бөлімше туралы:
Ұлттық Госпитальдің 3-терапия бөлімшесі терапевтік бейіндегі, ас қорыту органдары ауруларымен, тірек-қозғалыс аппараты ауруларымен, дәнекер тіннің жүйелі ауруларымен ауыратын пациенттерді кешенді диагностикалаумен және емдеумен айналысады. Жүргізілген зерттеулер негізінде оңтайлы диетотерапия, дәрі-дәрмектік терапия, физиотерапия, емдеудің республикалық және халықаралық стандарттарына сәйкес емдік дене шынықтыру тағайындалады
Қызметтер:
Госпиталь базасында қазіргі заманғы зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін пайдалана отырып, танымал әлемдік өндірушілердің жабдықтарымен кәсіби медициналық қызмет көрсету жүргізіледі:
ас қорыту органдарының ультрадыбыстық зерттеулерінің барлық спектрі;
ас қорыту органдарының рентгенологиялық зерттеулерінің барлық спектрі;
тірек-қимыл аппаратына рентгенологиялық зерттеулердің барлық спектрі (буындар, омыртқа);
бейнеэзофагогастрокопия, оның ішінде седациямен;
бейнеколоноския, оның ішінде седациямен;
асқазан, қалың ішек полиптерінің эндоскопиялық полипэктомиясы;
проктологтың ректороманоскопиямен консультациясы;
буындардың пункциясы;
ас қорыту органдары мен тірек-қозғалыс аппаратын МРТ және КТ зерттеу;
халықаралық стандарттарға сәйкес кең ауқымды зертханалық диагностика;
зертханалық және аспаптық зерттеулер, терапиялық және хирургиялық бейіндегі ілеспе аурулар бойынша мамандардың консультациялары.
Бөлімше дәрігерлері:
Орынбасарова Бақтыгүл Қалаубайқызы – бөлімше меңгерушісі, терапевт. жоғары санатты ревматолог, жұмыс өтілі 35 жылдан астам;
Әдібай Жанат Орынғалиқызы – жоғары санатты гастроэнтеролог дәрігер, жұмыс өтілі 20 жылдан астам;
Оспанбекова Айман Бакбергеновна – жоғары санатты гастроэнтеролог дәрігер, жұмыс өтілі 20 жылдан астам;
Сәрсембаева Меруерт Мкратжанқызы – жоғары санатты ревматолог-дәрігер, жұмыс өтілі 15 жылдан астам.


