НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Ұлттық госпиталь мамандары халықаралық ревматологтар конгресіне қатысты

   Алматы қаласында ревматология саласындағы ең ірі халықаралық ғылыми-тәжірибелік іс-шаралардың бірі – IX Қазақстан ревматологтарының конгресі мен APLAR-QCR Саммиті өтті.

   Саммит жұмысына Ұлттық госпитальдің терапиялық бөлімшесінің меңгерушісі Бақтыгүл Орынбасарова мен ревматолог дәрігер Меруерт Сәрсембаева қатысты.

   Іс-шараға Ұлыбритания, Жапония, Сингапур, БАӘ және Үндістанды қоса алғанда, әлемнің 15 елінен делегаттар мен сарапшылар жиналды. APLAR-QCR Саммитінің өткізілуі Қазақстанда 2029 жылы жаһандық APLAR Конгресін ұйымдастыруға дайындықтың маңызды кезеңі ретінде қарастырылуда.

   Саммит ревматология саласындағы жас зерттеушілерді, тәжірибелі клиницистерді, түрлі сала мамандарын және әлемдік деңгейдегі сарапшыларды біріктіретін жетекші халықаралық алаңдардың бірі саналады.

   Ғылыми бағдарлама заманауи білім алмасуға, диагностика мен емдеудің озық тәсілдерін талқылауға, сондай-ақ халықаралық кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды. Сонымен қатар ғылыми зерттеулер мен клиникалық тәжірибе арасындағы байланысты күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

   Мамандардың мәліметінше, ревматологиялық аурулар қазіргі медицинаның өзекті мәселелерінің бірі болып қала береді. Бүгінде әлемде ревматикалық аурулардың 100-ден астам түрі бар. Олармен миллиондаған адам ауырады. Қазақстанда да ревматологиялық патологиясы бар науқастар саны артып келеді. Бұл, ең алдымен, халықтың қартаюы мен өмір сүру ұзақтығының артуымен байланысты.

   Ұлттық госпиталь мамандарының осындай халықаралық ғылыми іс-шараларға қатысуы кәсіби тәжірибе алмасуға, біліктілікті арттыруға және науқастарға медициналық көмектің заманауи тәсілдерін енгізуге мүмкіндік береді.

Специалисты Национального госпиталя приняли участие в международном конгрессе ревматологов

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время