Мерекелік кездесу жылы әрі достық көңіл күйде өтіп, госпиталь ұжымын ерлікке, жауапкершілікке және өз ісіне адалдыққа деген құрмет аясында біріктірді.
Іс-шара барысында госпиталь директорының кеңесшілері құттықтау сөз сөйлеп, ер азаматтарды мерекемен құттықтады. Олар ұжымға зор денсаулық, амандық және кәсіби қызметтеріне табыс тіледі. Өз сөздерінде Отанға қызмет етудің маңыздылығын, адами құндылықтарды сақтауды және медицина қызметкерлерінің қоғам алдындағы жоғары жауапкершілігін ерекше атап өтті.
Мерекелік бағдарлама аясында қонақтарға арналған музыкалық көріністер ұсынылды. Іс-шарада қазақстандық әнші Карина Абдуллина өнер көрсетті. Сонымен қатар актриса әрі оркестр ардагері Лейла Мазованың орындауында Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларынан скрипкалық композиция орындалып, кештің мазмұнын тереңдете түсті.
Шара барысында Ұлттық госпитальдің қызметі туралы бейнеролик көрсетіліп, онда мекеменің тарихы, ұжым жетістіктері, медициналық бағыттардың дамуы және қызметкерлердің күнделікті еңбегі көрініс тапты.
Сонымен қатар ұжымдағы ер азаматтарға арналған мерекелік ойындар мен байқаулар ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды әсер сыйлады.
Ұлттық госпиталь іс-шараны ұйымдастырушыларға және мерекелік атмосфераны қалыптастыруға белсенді қатысқан барша ұжымға шынайы алғысын білдіреді.


