2026 жылғы 19–21 мамыр аралығында Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының базасында Льюис және Гарлок типті операцияларды орындау бойынша мастер-класс өтті.
Іс-шараға Ұлттық госпитальдің хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Абзалбек Естай Шайхибекұлы қатысты.
Мастер-класс аясында өңеш карциномасы және кардиоэзофагеалдық қатерлі ісік диагнозы қойылған пациенттерге жоғары технологиялық хирургиялық операциялар жасалды.
Операцияларды Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы мен Ұлттық госпитальдің хирургтары мен мамандарынан құралған бірлескен команда орындады. Іс-шара тәжірибе алмасуға және онкохирургиядағы заманауи тәсілдерді енгізуге арналған алаң болды.
Copy - Demo Title
This will close in 15 seconds
ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК
Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время