Бөлімше туралы:
Бөлімше хирургиялық араласулардың толық спектрін орындайды: сүйек сынуларын және спорттық жарақаттарды емдеуден бастап, буындарға жасалатын күрделі реконструктивті және протездеу оталарына дейін.
Мұнда кез келген жастағы науқастардың қозғалыс белсенділігі қалпына келтіріліп, созылмалы ауырсыну жойылып, өмір сапасы жақсартылады.
Артроскопиялық ота заманауи аз инвазивті емдеу әдісі. Ол мениск жыртылуы, байламдардың зақымдануы, шеміршек ақаулары, созылмалы ауырсыну және буынның «блокадасы» кезінде қолданылады.
Минималды тілік, тез оңалу және белсенді өмірге жылдам оралу әдістің басты артықшылықтары.
Буындарды эндопротездеу америкалық импланттарды қолдана отырып жүргізіледі. Біз АҚШ-тың жетекші әлемдік өндірушілерінің импланттарын пайдаланамыз. Олар:
- жоғары тозуға төзімділігімен;
- анатомиялық дәлдігімен;
- ұзақ қызмет ету мерзімімен;
- ағзаға жақсы бейімделуімен ерекшеленеді.
Сүйек сынуларын бекіту заманауи импланттарды қолдану арқылы жүзеге асырылады:
- пластиналар мен бұрандалар;
- интрамедуллярлық штифтер;
- аз инвазивті техникалар.
Бұл сенімді фиксацияны, сүйектің дұрыс бітісуін және ерте белсенділікті қамтамасыз етеді.
Бөлімшенің ерекше мақтанышы – артрозды емдеудің заманауи әдісі, SVF-терапиясы (stromal vascular fraction). Бұл инновациялық технология науқастың өз дің жасушаларын қолдануға негізделген. Әдіс шеміршек тінін қалпына келтіруге, аурудың үдеуін баяулатуға және эндопротездеуден сақтануға мүмкіндік береді.
Мультидисциплинарлық тәсіл, дәрігерлердің тәжірибесі және заманауи технологиялар табысты оңалудың және шектеусіз белсенді өмірдің кепілі.
Жарақаттар бойынша қызметтер:
- Барлық сүйектердің (түтікше сүйектер, жамбас, омыртқа) сынуларын және шығуларын емдеу;
- Байламдардың (мысалы, тізенің айқаспалы байламдары) және менисктердің жыртылуын хирургиялық емдеу;
- Бұлшықеттер мен сіңірлердің, оның ішінде Ахилл сіңірінің зақымдануын емдеу;
- Шығулар мен сынуларды репозициялау (орнына салу);
- Тізе буынына артроскопиялық оталар (жедел жарақаттар және буындардың созылмалы патологиялары кезінде).
Ортопедия және аурулар бойынша қызметтер:
- Осанка бұзылыстарын (сколиоз, кифоз), жалпақтабандылықты емдеу;
- Буын ауруларын (артриттер, артроздар) емдеу, қажет болған жағдайда жамбас және тізе буындарын эндопротездеуге дейін;
- Табан деформацияларын хирургиялық түзету (Hallux valgus).
Бөлімше дәрігерлері:
- Мулдағалиев Сәкен Жұмаситұлы бөлімше меңгерушісі;
- Кабдешов Асхат Кабдешұлы дәрігер-травматолог;
- Шарипова Бахыт Халелқызы дәрігер-травматолог;
- Дауржан Айбек Дауржанұлы дәрігер-травматолог.