ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ
Call center:
+7 (727) 338 43 10
+7 776 338 43 10
Кезектен тыс ауруханаға жатқызу:
+7 707 262 29 61
Сенім телефоны
.+7 (727) 261 97 15
Стоматология бөлімшесі
Стоматология бөлімшесі
Бөлімше туралы
Ұлттық госпитальдің стоматологиялық бөлімшесі тістердің, қызыл иектің және жақ-бет аймағы ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу қызметтерін көрсетеді.
Бөлімшенің барлық дәрігерлері жоғары біліктілік санатына ие және Оңтүстік Корея мен Германия елдерінде тағылымдамадан өткен.
Стоматологиялық бөлімше Joint Commission International (JCI) халықаралық стандарттарына сәйкес жұмыс істейді және емдеу қауіпсіздігі, сапасы мен инфекциялық бақылаудың ең жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Бөлімше қызметтері
эстетикалық стоматология;
тістерді реставрациялау, кәсіби тазалау, ағарту;
протездеу;
дентальды имплантация.
Үрейі жоғары науқастар үшін арнайы «дабыл түймесі» қарастырылған – түйме басылған жағдайда барлық медициналық манипуляциялар дереу тоқтатылады.