22-шілде – Бүкіләлемдік Ми саулығы күні. Осыған орай Ұлттық госпиталдің нейрохирургия бөлімшесінің дәргері Абзал Жұмабеков ми саулығына арналған аса маңызды 8 кеңесін ұсынады.
Қан қысымын бақылап отыру керек.
Себеб, адам өзін жақсы сезінген соң қан қысымын тексере бермейді. Бірақ гипертония көбінесе белгі бермей, ми мен ағзадағы барлық тамырларды зақымдай береді. Сондықтан қан қысымыңызды тұрақты өлшеп, дәрігер тағайындаған емді үзбей қабылдаңыз. Бұл– инсульттің алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі.
Көбірек қозғалыңыз.
Миға ең пайдалы әдеттердің бірі - көбірек қозғалу. Күн сайын 30–40 минут жаяу жүрудің өзі қан айналымын жақсартып, миға оттегінің жақсы жетуіне көмектеседі. Спортпен кәсіби түрде айналысу міндетті емес. Ең бастысы – қозғалысты тұрақты әдетке айналдыру.
Өзіңізді толық ұйықтатыңыз.
Ұйқы жақсы болуы керек, ол кезде ми демалады және күні бойы жиналған ақпаратты өңдеп, өзін қалпына келтіреді. Ересек адамға күніне 7–9 сағат толыққанды ұйқы қажет.
Шылым шекпеу керек.
Ол тек өкпеге емес, ми тамырларына да зиянын тигізеді және инсульт қаупін бірнеше есе арттырады. Темекіден бас тарту– миыңызға жасайтын ең үлкен жақсылықтардың бірі.
Ми да бұлшықет сияқты, оны жаттықтыру керек.
Ол жаттықтырған сайын жақсырақ жұмыс істейді. Кітап оқу, тіл үйрену, шахмат ойнау, жаңа мамандық меңгеру немесе жай ғана күнделікті жаңа нәрсе үйрену – миға пайдалы.
Социализация яғни сөйлесу.
Достарыңызбен кездесу, қоғамнан шет қалмау тек көңіл-күй үшін ғана емес, ми саулығы үшін де маңызды. Ғалымдар әлеуметтік белсенді адамдарда есте сақтау қабілетінің төмендеуі сирек кездесетінін дәлелдеген.
Инсульттің белгілерін де ұмытпау керек.
Ол FAST деген сөзді жаттап алу.
Егер адамның : F face егер беті қисайса
A arm қолы немесе аяғы әлсіресе
S speech сөздері анық шықпаса
T time уақыт жоғалтпай 103-ке хабарласыңыз.
Инсульт кезінде әр минут сайын шамамен 1,9 миллион нейрон өледі. Сондықтан инсульт кезінде ең қымбаты – уақыт.
Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз