Госпиталіміздің Инновациялар және білім беру орталығының жетекшісі Асия Исаева «Success Stories of Central Asian Women» жобасының жаңа шығарылымының кейіпкері болды.
Фильмде ол өзінің кәсіби жолы, ғылыми қызметі және заманауи денсаулық сақтау саласына қатысты көзқарасы туралы әңгімелейді. Оның пікірінше, шынайы жетістік өз ісіңді сүйуден басталады, ал дәрігер мен зерттеушінің басты мақсаты – адамдар мен қоғамға нақты пайда әкелу.
Біз өз командамызда кәсібилігі, өз ісіне адалдығы және медицинаның дамуына қосқан үлесі Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де жоғары бағаланатын мамандардың еңбек ететінін мақтан тұтамыз.
Асия Исаеваны осы маңызды халықаралық жобаға қатысуымен шын жүректен құттықтаймыз және оған жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!