Біздің аурухананың неврологиялық бөлімшесі түрлі аурулары бар науқастарға заманауи диагностика және емдеу әдістерін қолдана отырып, кешенді стационарлық медициналық көмек көрсетеді. Бөлімшенің жұмысы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық хаттамалары мен бұйрықтарына, сондай-ақ халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына (Joint Commission International) сәйкес ұйымдастырылған.
Біз келесі жағдайлары бар науқастарға көмек көрсетеміз:
ми қан тамырлары аурулары (инсульт, транзиторлық ишемиялық шабуыл (ТИШ), мидың созылмалы ишемиясы (МСИ));
шеткері жүйке жүйесінің аурулары;
дегенеративті және қабынбалы неврологиялық жағдайлар;
қатар жүретін терапиялық патология;
пәнаралық тәсілді және нақтылаушы диагностиканы қажет ететін жағдайлар.
Медициналық көмек тәулік бойғы бақылаумен және емдеу сапасын қадағалаумен мультидисциплинарлық мамандар тобы арқылы қамтамасыз етіледі. Жұмыс науқас қауіпсіздігі қағидаттарына (IPSG), жағдайды бағалау (AOP), емдеудің үздіксіздігі (COP) және сапаны басқару (QPS) стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
Біз дәрігерлердің кәсібилігін, заманауи технологияларды және халықаралық стандарттарды біріктіре отырып, әрбір науқасқа қауіпсіз әрі тиімді ем ұсынуды мақсат етеміз.
Бөлімше дәрігерлері:
Мун Виктория Вадимовна – бөлімше меңгерушісі, дәрігер-хирург, медицина ғылымдарының кандидаты;
Таурбекова Акерке Ханатқызы – аға дәрігер-невропатолог;