Халықаралық гинеколог күніне орай госпиталымыздың хирургия бөлімінің аға дәрігері, жоғары санатты акушер-гинеколог Шолпан Әлиевамен бірге гинекология саласына қатысты кең таралған мифтерді жоққа шығарамыз.
1️. Ер гинекологтар әйел гинекологтарға қарағанда жақсы
Гинеколог мамандығы жынысқа бөлінбейді. Ең бастысы – дәрігердің тәжірибесі, кәсіби біліктілігі және науқасқа жанашырлықпен қарауы. Дегенмен, әйел гинекологтардың өздері көбіне ер әріптестеріне қаралмайды.
2️. «Босансаң бәрі өтеді», «Тұрмысқа шықсаң бәрі жазылады»
Жүктілік, босану немесе тұрмысқа шығу – аурудың емі емес. Мысалы, етеккір кезіндегі қатты ауырсыну эндометриоздың белгісі болуы мүмкін. Бұл – міндетті түрде емдеуді қажет ететін созылмалы әрі күрделі ауру. Сондай-ақ аналық без кисталары немесе жатыр миомасы да босанғаннан кейін немесе жыныстық өмір басталған соң өздігінен жоғалып кетпейді.
3️. Жатыр мойны эрозиясы тек күйдіру арқылы емделеді
Көп жағдайда «эрозия» деп аталатын өзгеріс – эктопия, яғни әсіресе жас әйелдерде қалыпты физиологиялық жағдайдың бір түрі. Бұл кезде жатыр мойны өзегінің ішкі қабатын қаптайтын тін сыртқа қарай аздап шығып тұрады. Айнамен қарау кезінде ол жатыр мойнында ашық қызыл дақ түрінде көрінеді. Оның қызыл түсті болуы қабынуды немесе қандай да бір ауруды білдірмейді.