Денсаулық — әр адамның өміріндегі басты құндылықтардың бірі. Қазақстанда қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекті қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілді.
МӘМС жүйесі тең қолжетімділік қағидатына негізделген: сақтандырылған әрбір азамат төленген жарна көлеміне қарамастан медициналық қызметтерді алуға құқылы. МӘМС шеңберіндегі медициналық көмек Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен көрсетіледі.
Медициналық қызметтерді алушылар — МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы бар жеке тұлғалар. Төлеушілер ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен Қорға жарналар мен аударымдарды төлейтін жұмыс берушілер және өзге де тұлғалар табылады. Жұмыс берушілердің аударымдары өз қаражаты есебінен жүргізіледі және қызметкерлерге МӘМС жүйесі бойынша медициналық көмек алу құқығын қамтамасыз етеді.
Жүйеде сақтандыру мерзімі ұғымы қолданылады — бұл азамат жарналарды уақытша төлемеген жағдайда да медициналық көмек алу құқығы сақталатын кезең.
Қазақстандық МӘМС моделі әлеуметтік бағытқа ие және медициналық көмектің екі пакетін қамтиды: • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК); • міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті (МӘМС).
МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығына мыналар ие:
медициналық көмекке жүгінгенге дейінгі соңғы он екі күнтізбелік ай ішінде кемінде екі ай бойы аударымдар және (немесе) жарналар төленген азаматтар;
техникалық, кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде білім алған тұлғалар — оқуды аяқтағаннан кейін он екі ай ішінде;
Қорға жарна төлеуден босатылған азаматтар.
Жүйеге қатысу уақытша тоқтатылған жағдайда медициналық көмек белгіленген сақтандыру мерзімі ішінде көрсетіле береді.
Жарналар мен аударымдар төленбеген азаматтарға Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі ұсынылады.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ қандастар, егер заңнамада өзгеше көзделмесе, МӘМС жүйесінде Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең құқықтар мен міндеттерге ие.
Дәрігер мен медициналық ұйымды таңдау
Әрбір пациенттің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде медициналық көмек көрсететін дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдауына және ауыстыруына құқығы бар, төтенше және шұғыл көмек көрсету жағдайларын қоспағанда.
Алайда емхананы таңдау келесі қағидаттарға негізделеді:
отбасылық қызмет көрсету;
алғашқы медициналық-санитариялық көмектің аумақтық қолжетімділігі;
аумақтық қолжетімділік шегінде медициналық ұйымды еркін таңдау;
пациенттің медициналық көмектің сапасына қанағаттануы;
меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан тең құқықтылық және адал бәсекелестік.
Емханаға тіркелу тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша, әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымын еркін таңдау құқығы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек дәрігерін еркін таңдау тіркелген емханада учаскеге бекітілген халық саны ескеріле отырып жүргізіледі.
Сақтандыру мәртебесін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтынан білуге болады: msqory.kz
Copy - Demo Title
This will close in 15 seconds
ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК
Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время