НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Клиника жаңғыртылмаса, емдеуде ілгерілеу болмайды

Алматы қаласының орталығында орналасқан еліміздегі ең көне клиникалардың бірін ауқымды жаңғырту туралы хабар медицина саласының майталмандарын бейжай қалдырмады. Бұл жөнінде өз пікірін академик, Қазақстанның жетекші гинекологы және репродуктологы Вячеслав Локшин білдірді:
 
— Кез келген клиника өз тарихында қайта жаңғырту кезеңінен өтеді, бұл — әлемдік тәжірибе. Клиника жаңғыртылмаса, емдеу ісінде ілгерілеу болмайды, өйткені жаңа технологиялар басқа инженерлік жүйелерді, жаңа ғимараттарды және заманауи жабдықтарды талап етеді. Оларды ескі ғимараттарға орналастыру мүмкін емес.
Мен бәріміз жақсы көретін «Совминка» ауруханасының қазіргі жағдайымен таныстым. Өкінішке қарай, ғимараттың жағдайы алаңдатарлық деңгейде, әбден тозған. Ал бұл — адамдар ем алатын медициналық мекеме. Ғимараттар өткен ғасырдың 50-жылдары салынған. Содан бері медицинада өте көп өзгеріс болды. Қазіргі медицина жоғары технологиялық, икемді әрі көп мүмкіндіктерді қажет ететін салаға айналды. Сондықтан оған мүлде басқа инфрақұрылым қажет. Мұны дәрігер ретінде айтып отырмын.
Ұлттық госпитальды жаңғырту жұмыстары қысқа мерзімде жүзеге асып, осы клиниканың дәрігерлері танымал болған кардиохирургия, нейрохирургия сияқты медицинаның озық бағыттарын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді деп ойлаймын. Ең бастысы — жаңа аурухана бұрынғы аурухананың орнында, сол аумақта салынады.
Без реновации клиники не будет прогресса в лечении

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время