ҚР ПІБ МО ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

қр піб мо ұлттық госпиталі

Қазтест 2026

Ұлттық госпитальде Мемлекеттік тіл саясатын қолдау және ұжымның тілдік құзыреттілігін арттыру мақсатында өткізілетін ауқымды іс-шаралардың бірі — «ҚазТЕСТ» жүйесі бойынша тест тапсыру.
 
Жылдағы дәстүр бойынша 9–30 маусым аралығында әкімшілік-басқарушылық қызмет, инженерлік-шаруашылық қызметі және қосалқы бөлім қызметкерлері қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалайтын отандық «ҚазТЕСТ» жүйесі бойынша ресми тестілеуден өтті.
 
Ұлттық госпитальдің Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маманы Айгүл Өтеннің айтуынша бұл сынақтың басты ерекшелігі — оған тек медициналық құрам ғана емес, мекеменің ішкі үйлесімді жұмысына жауапты барлық құрылымдық бөлімдердің қатысуы.
 
«ҚазТЕСТ» жүйесінің ережелеріне сай, қатысушылардың тілдік дағдылары келесі 3 негізгі бөлім бойынша кешенді түрде сыналған.
 
Аудиомәтін, ауызша сөйлеу мәтіндерін қабылдау және мазмұнын дәл түсіну қабілеті. Лексика-грамматикалық бөлім: тілдің құрылымын, сөздердің байланысу заңдылықтарын және ресми-іскерлік лексиканы сауатты қолдану деңгейі. Ал оқылым бойынша әртүрлі стильдегі мәтіндерді оқи отырып, ақпаратты жылдам әрі дұрыс талдау дағдылары тексерілді.
 
240 қызметкер қатысқан бұл шара мекеме ішіндегі ресми іс-қағаздардың сауатты жүргізілуін ғана емес, Мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға септігін тигізеді.
Казтест 2026