НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Заманауи травматология: Ұлттық госпитальде буын ауруларын емдеудің жаңа әдістері енгізілуде

20 мамырда жыл сайын Дүниежүзілік травматолог күні атап өтіледі. Осы күнге  орай Ұлттық госпиталь мамандары буын ауруларының алдын алу және дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығын еске салды.
 
Соңғы жылдары заманауи травматология тірек-қимыл жүйесі ауруларын диагностикалау мен емдеу мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті.
Бүгінде дәрігерлер буындарды эндопротездеу бойынша жоғары технологиялық оталарды сәтті жүргізіп, науқастардың өмір сапасы мен қимыл белсенділігін қалпына келтіруде.
 
Ұлттық госпитальде емдеудің заманауи тәсілдері мен хирургиялық технологиялар белсенді түрде енгізілуде. Травматология бөлімшесінің соңғы жетістіктерінің бірі некроз кезінде жамбас буындарын емдеуге арналған SVF-терапиясының өзіндік әдістемесінің әзірленуі.
 
Травматология бөлімшесі госпитальдегі ең сұранысқа ие бағыттардың бірі болып қала береді. Мамандар ай сайын 40-тан астам ота жасайды.
Оның басым бөлігін тізе буындарын эндопротездеу оталары құрайды. Алдағы жаз мезгілінен бастап оталардың бір бөлігін роботтандырылған технологиялардың көмегімен жүргізу жоспарлануда.
 
Мамандардың айтуынша, бүгінде буын аурулары тек егде жастағы адамдарда ғана емес, еңбекке қабілетті азаматтар арасында да жиі анықталуда. Бұған қозғалыстың аздығы, шамадан тыс физикалық жүктеме, артық салмақ және тірек-қимыл жүйесінің жағдайын тұрақты бақыламау себеп болып отыр. Дәрігерлер уақытылы диагностика көптеген ауруларды ерте кезеңде анықтауға және емнің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
 
Травматология бөлімшесінің дәрігері Асхат Қабдешовтің айтуынша, буын ауруларының негізгі себептерінің бірі  физикалық жүктеменің біркелкі болмауы және алдын алу шараларына жеткілікті көңіл бөлінбеуі.
 
«Тізе буындары шамадан тыс әрі теңгерімсіз жүктемеге өте сезімтал келеді. Қозғалыс аз өмір салты мен кенеттен болатын белсенді физикалық жүктеме, қарқынды жаттығулар және дайындықсыз ұзақ күш түсу буындардың жағдайына кері әсер етуі мүмкін», – деді маман.
Дәрігер ауырсыну, жайсыздық немесе қозғалыстың шектелуі байқалған жағдайда уақыт жоғалтпай мамандарға қаралу қажеттігін және өз бетінше емделмеу керектігін айтты.
 
Асхат Қабдешовтің сөзінше, алдағы жылдары травматология саласы қарқынды дами береді. Болашақтағы негізгі бағыттардың қатарында протездеу технологияларын жетілдіру, 3D технологиялары арқылы дайындалатын жеке импланттарды қолдану және роботтандырылған хирургияны одан әрі дамыту бар.
Современная травматология в Национальном госпитале внедряют новые методы лечения суставов

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время