НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Дертті уақытында анықтау маңызды

   Ұлттық госпитальдегі «Ашық есік» күніне Алматы қаласы онкологиялық орталығынан арнайы шақырылған маман Бағдат Серікбаев науқастарды қабылдады.

   Дәрігерге 9 адам әртүрлі шағымдармен жүгінген. Оның ішінде 2 адам өкпенің қатерлі ісігі күдігімен тексеруге жіберілді.

   Аурудың алдын алу және ерте анықтау мақсатында скрининг бағдарламасы және басқа да алдын алу шаралары (Ашық есік күні, профилактикалық тексеру т.б.) өте маңызды.

   Жыл басынан бері қалада 1324 науқаста қатерлі ісік анықталып, тіркеуге алынды, ал өткен жылы 1247 науқас тіркеуге алынған. Бұл қатерлі ісік ауруларының жыл сайын артып келе жатқанын көрсетеді.

   Қатерлі ісік қорқынышты емес. Оны дер кезінде анықтап, емдеуді бастау керек.

   Науқастар көп жағдайда қорқынышқа бой алдырып, уақыт өткізіп алады. Денсаулық басты орында тұруы тиіс, – дейді Бағдат Әбдіманапұлы.

Важно вовремя выявить заболевание

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время