Күмбірлеген күй мен әуелете шырқалған ән Ұлттық госпитальдің емханасына келген емделушілер мен күнделікті жұмысын атқарып жүрген қызметкерлерді елең еткізді.
Ұлттық домбыра күніне орай аурухана қызметкерлерінің балалары күй тарып, өнерлерін көрсетті. 4сыныпта оқитын София Ройдың добыра үйірмесіне барып жүргеніне жарты жыл ғана болған. Ынталы балақай осы уақыт ішінде 7 күй үйреніпті. «Ерке сылқым», «Келіншек» күйлерін қысылмай емір еркін орындап, көпшілікті тәнті етті.
Ал 9 жастағы Батыр Бақтыбек добыраны қолына бес жасында алған.
-Домбыраға қызыққан себебім, ол ұлттық аспабымыз ғой. Нағашыларымның барлығы өнерлі, ал әжем күйші болған. Солардан маған берілген болса керек. Қазіргі уақытта үйренгенім он шығарма. Құрманғазы, Ә.Желдібаев, С.Тұрысбек секілді композиторлардың күйлерін орындаймын. Спортты жақсы көремін, болашақта футболшы болғым келеді –дейді Батыр.
Ауруханадағы шараға мектеп оқушыларына өзге, Құрманғазы атындағы қазақ Ұлттық консерваториясының студенттері, «Алатау » дәстүрлі өнер театрының әртістері қатысты. Көпшілік өнерпаздарға қошеметпен қол соқты.
-Талаптыға нұр жауар дейді. Мына балалардың өнеріне риза болып тұрмын. Ең бастысы олардың осы аспапқа деген ынта, ықыласы ғой. Осындай шаралар еліміздің әр аймағынада жүзеге асып жатса неге қуанбасқа-дейді қала тұрғыны Ербол Рыскелдіұлы.
Ұлттық госпиталь ұжымы тарихи мұраға, ұлттық мерекелерге баса назар аударып, түрлі іс шаралар ұйымдастыруды дәстрүрге айналдырған. ҚР Президентінің Іс басқармасы Медицина орталығы Ұлттық госпиталінің бас тәлімгері Сәуле Марденова ұйымдастырған бұл концерт әр жастағы, түрлі ұлт өкілдері балаларының домбыраға деген қызығушылығын көрсетті. Ұлттық домбыра күні 2018жылдан бастап шілде айының алғашқы жексенбісінде атап өтіледі. Бұл мереке домбыра аспабын ұлықтап қана қоймай, қоғамның беріктігіне апаратын жалпыхалықтық шараға айналған.