Бөлімше 20-дан астам медициналық бағыт бойынша кеңес береді – жалпы практика дәрігерінен бастап бейінді мамандарға дейін. Қабылдау жайлы әрі қолайлы жағдайда жүргізіледі.
Бөлімше құрамында:
функционалдық диагностика және ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) кабинеттері;
емшара кабинеті;
дуоденальды зондтау кабинеті;
операциялық және таңу бөлмесі бар амбулаториялық хирургия орталығы.
Заманауи жабдықтар дәл диагностика жүргізуге және тиімді ем тағайындауға мүмкіндік береді.
Мамандардың қабылдауы кешкі уақытта сағат 21:00-ге дейін жүргізіледі. Бұл күндіз дәрігерге қаралуға мүмкіндігі жоқ науқастар үшін қолайлы.
Бөлімшеде жоғары санатты дәрігер-эндокринолог, қант диабеті мектебінің нұсқаушысы күн сайын «Қант диабеті мектебін» жүргізеді. Сабақ барысында дұрыс тамақтану, өмір салты және қант диабетіндегі дәрілік терапия мәселелері жан-жақты түсіндіріледі.
Бас ауруын емдеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Неврология саласында ботулинотерапия енгізілген. Қабылдауды жоғары санатты невролог-цефалголог жүргізеді.
Бөлімшеде ВТЭС – тін ішілік электрлік стимуляция қызметі енгізілген. Бұл – ауырсынудың барлық түрлерін дәрі-дәрмексіз емдеу әдісі. Қабылдауды жоғары санатты невролог-алголог жүргізеді.
Сондай-ақ урологиялық ауруларды вибромагнитті-лазерлік терапия әдісімен емдеу қызметі енгізілген. Бұл – урология және андрология саласында қолданылатын инвазивті емес лазерлік терапия. Қабылдауды жоғары санатты уролог-андролог, медицина ғылымдарының кандидаты жүргізеді.
Бөлімше дәрігерлері
Разиева Дилярам Сраждиновна – бөлімше меңгерушісі, дәрігер-эндокринолог;