Аспирин – әлемде кең тараған және жиі қолданылатын дәрілердің бірі. Көптеген адамдар оны бас ауруы мен дене қызуына қарсы құрал ретінде біледі. Бірақ оның әсері біз білетіннен де әлдеқайда ауқымды.
«Аспирин» – белсенді ингредиент ацетилсалицил қышқылы (ASA) болып табылатын дәрілік заттың атауы. Оның әсер ету механизмі спецификалық емес қабынуға қарсы препараттар (NSAIDs) деп те белгілі. Сондықтан қабынуға қарсы препараттар тобына жатады. Атауынан айтып тұрғандай, бұл дәрі-дәрмектердің қабынуға қарсы әсері бар сондықтан да кеңінен қолданылады. Осы бір дәрінің тарихына, қолданылуына байланысты Ұлттық госпитальдің салауатты өмір салты бойынша маманы, дәрігер Флюра Смаиловадан ақпарат алған едік.
-Аспириннен тарихы мыңдаған жылдарға жалғасқан дәрі кемде кем. Ежелгі заманның өзінде адамдар талдың қабығының емдік қасиеті бар екенін байқаған. Шумер және Египет дәрігерлері талдың қабығын антипиретикалық және анальгетиктер ретінде пайдаланды. Оны безгекті емдеу үшін қолданды. Кейінірек ғалымдар талдың қабығында 1829 жылы француз химигі Анри Леру бөліп алған , қабынуға қарсы салицин заты бар екенін анықтады. Дәрілік затты зерттеу жалғасты. 1899 жылы препарат ресми түрде тіркеліп, медициналық мақсатта аты аңызға айналған «Аспирин» брендімен шығарыла бастады (шалғынды гүл, Spirea атымен аталған). Ал 1971 жылы британдық фармаколог Джон Вэйн препараттың ауырсыну мен қабынуды тудыратын ферменттерді блоктайтынын көрсетті. Ғалымға сол жаңалығы үшін Нобель сыйлығы берілді.
Аспирин не үшін қолданылады?
– Ацетилсалицил қышқылын медициналық тәжірибеде қолдану жылдарында оның тромбоциттердің бір-біріне жабысуын болдырмайтын қабілеті – қан ұйығыштарының пайда болуының негізгі механизмі – көрсетілді. Тромбоциттерді белсендіру процесі медицинада агрегация деп аталады. Ал аспириннің әрекеті антиагреганттық немесе антитромботикалық деп аталады.
Аспириннің бұл қасиеті кардиологияда жүрек-қан тамырлары аурулары мен инсульттің асқынуларының алдын алу үшін қолданыла бастады. Ол тікелей «жүректі емдемейді», қанды сұйылтпайды және қан қысымын төмендетпейді. Оның мақсаты – қан тамырларының бітелу қаупін азайту. Тромбоциттерге қарсы препараттарды қолдану қан ағымын жақсарту арқылы қайталанатын миокард инфарктісінің қаупін 30% және қайталанатын инсультті 25% төмендетеді. Сондықтан аспирин қабылдаған науқаста кесілген, жараланған немесе кез келген басқа қан кету байқалса, ол сау адамға қарағанда ұзағырақ болады.
Біз білуге тиіс ақпарат:
Аспирин – бұл дәрі, бірақ барлық уақытта қолданатын «зиянсыз» таблетка емес! Оны бақылаусыз немесе қажетсіз қабылдауға болмайды, өйткені оның жанама әсері бар! «Жүрекке арналған дәрілерді» өз бетіңізше қабылдамаңыз! Оны тек тағайындау бойынша және дәрігердің бақылауымен қолданыңыз! Егер адам қан сұйылтқышты қабылдаса, оны аспиринмен біріктіру қауіпті болуы мүмкін. Бұл туралы дәрігерге міндетті түрде хабарлау керек! Аспиринді ұзақ уақыт қолдану теріде көгеруді тудырады. Оны қабылдайтындар дәрігердің нұсқауы бойынша және бақылауында тұрақты түрде қан талдамасынан өтуі керек.
Вирустық инфекциясы бар балалар мен жасөспірімдерге сирек, бірақ ауыр асқынуға, Рей синдромының даму қаупіне байланысты дәрігердің бақылауынсыз аспирин беруге болмайды;
Аспиринге қарсы көрсетілімдер:
Асқазан-ішек, мұрын, жатыр, геморроидальды және басқа да қан кетулер,
ссқазан-ішек жолдарының эрозиялық және ойық жаралы ауруларының өршуі, геморрагиялық диатез, аспиринге және басқа NSAID-ке жоғары сезімталдық, аспириннен туындаған астма, мұрын полипозы, шөп безгегі, жүрек, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі, 18 жасқа толмағандар, жүктілік (әсіресе бірінші және үшінші триместрлер) және емізу жағдайында болуы мүмкін. Аспирин мен басқа NSAID препараттарын бір мезгілде қабылдағанда асқазан-ішек жолынан қан кету қаупі арта түсетінін білу маңызды. Дәл сол себепті аспирин және басқа NSAID-тер алкогольмен үйлеспейді. Оны ұзақ уақыт қолдану жүрек айнуы, асқазан ауруы, аллергиялық реакциялар және тромбоциттер санының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Асқазан-ішек жолынан қан кету – іштің ауыруы, қара нәжіс, қан құсу, жалпы әлсіздік, анемиясекілді белгілер байқалатын ауыр асқынулар болады. Егер осы белгілер пайда болса, дәрі қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігермен кеңесіңіз!
Есіңізде болсын! Кез келген дәрі-дәрмек дұрыс және нұсқауларға сәйкес қолданылуы керек. Тіпті тарихы ежелден бастаталтын дәрі-дәрмектердің өзі мұқият болуды қажет етеді. Аспиринді тұрақты қолдануды бастамас бұрын дәрігермен кеңесіңіз.Деніңіз сау болсын!