НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Артериялық гипертензия үнсіз қауіп: алдын алу және бақылау неге маңызды?

   Қан қысымының тұрақты жоғарылауы  артериялық гипертензия немесе гипертония  қазіргі таңда әлем бойынша кең таралған созылмалы аурулардың бірі. Мамандардың айтуынша, бұл дерт уақытында анықталып, бақылауға алынбаса, инсульт, инфаркт, жүрек жеткіліксіздігі, бүйрек пен көз аурулары сияқты ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін.

   Бұл туралы Ұлттық госпитальдің жоғары дәрежелі терапевт дәрігері Флюра Самилова кеңінен айтып берді. Дәрігердің мәліметінше, гипертония тек егде жастағы адамдарда ғана емес, жастар мен орта жастағы азаматтар арасында да жиі кездеседі.

   «Гипертонияның басты ерекшелігі  оның ұзақ уақыт бойы белгі бермеуі. Көптеген адамдар қан қысымының жоғарылағанын сезбейді.

   Сондықтан бұл ауруды медицинада «үнсіз өлтіруші»  деп атайды. Ауруды ерте анықтаудың ең сенімді жолы  қан қысымын тұрақты бақылау», – дейді маман.

   Дәрігердің айтуынша, ересек адамдар үшін қалыпты қан қысымы 130/85 мм сын.бағ. төмен болуы керек. Ал 140/90 мм сын.бағ. және одан жоғары көрсеткіш бірнеше рет қайталанса, гипертония диагнозы қойылады.

   Артериялық гипертензияның дамуына тұқым қуалаушылық, жас ерекшелігі сияқты өзгермейтін факторлармен қатар, дұрыс тамақтанбау, артық салмақ, қозғалыстың аздығы, темекі шегу, күйзеліс пен ұйқы режимінің бұзылуы секілді өмір салтына байланысты себептер де әсер етеді.

   Мамандар гипертонияның алдын алу үшін ең алдымен салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді. Оның ішінде тұзды азайту, дене белсенділігін арттыру, салмақты бақылау, зиянды әдеттерден бас тарту және жеткілікті ұйқы маңызды рөл атқарады.

   «Күніне кемінде 30 минут жаяу жүру немесе жеңіл дене жаттығуларымен айналысу жүрек-қан тамырлары жүйесін нығайтып, қан қысымын тұрақтандыруға көмектеседі. Сонымен қатар күйзелісті басқаруды үйрену де өте маңызды», – дейді дәрігер.

   Дәрігерлер гипертония диагнозы қойылған жағдайда емді өз бетінше тоқтатпау қажеттігін ескертеді. Себебі дәрі-дәрмектерді уақытылы қабылдау асқынулардың алдын алып, өмір сүру сапасы мен ұзақтығын сақтауға мүмкіндік береді.

   Ұлттық госпиталь мамандары азаматтарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, қан қысымын тұрақты бақылап отыруға шақырады.

Артериальная гипертензия

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время