НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Арманым – шетелде білімімді жетілдіру

Нағима Дәулетияр – Ұлттық госпитальдің функционалды диагностика дәрігері. Ол С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің емдеу факультетін тәмамдаған.
 
Медицина саласындағы еңбек жолын 2012 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылдық ауруханасында бастап, дәрігер-терапевт және кардиолог болып қызмет атқарды. Жинаған тәжірибесі мен кәсіби білімі оны функционалды диагностика саласына алып келді. 2025 жылдан бастап Ұлттық госпиталь ұжымының құрамында еңбек етіп келеді.
 
Күнделікті жұмысында жүрек-қан тамырлары ауруларын ерте анықтауға бағытталған заманауи зерттеу әдістерін қолданады. Оның пікірінше, дәл диагноз қою – сапалы емнің негізі.
 
«Дәрігер үшін оқу ешқашан тоқтамауы керек. Медицина күн сайын дамып жатыр. Сондықтан үнемі ізденіп, білімімізді толықтырып отыруымыз қажет», – дейді маман.
 
Болашақтағы арманы – Жапония мен Қытайдың жетекші медициналық орталықтарында тәжірибе жинап, білімін жетілдіру. Ол алған білімін еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуға жұмсауды мақсат етеді.
 
Кәсіби мереке қарсаңында Нағима Дәулетияр әріптестеріне мықты денсаулық, толағай табыс және абыройлы еңбек тілейді.
Постоянно нахожусь в поиске знаний

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время