НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Жаңа клиника туралы

Ұлттық госпитальда инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту басталды
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі жаңа медициналық корпустарды кезең-кезеңімен салуды және инфрақұрылымды кешенді жаңартуды көздейтін ауқымды жаңғырту жобасын іске асыруға кірісті.
 
Жобаны іске асыру қажеттілігі 1950–1970 жылдары салынған ғимараттарға жүргізілген техникалық зерттеулердің нәтижелерімен байланысты. Сараптама бірқатар нысандардың физикалық тозу деңгейінің жоғары екенін, сондай-ақ олардың қауіпсіздік, сейсмикалық төзімділік және емдеу үдерісін ұйымдастыру бойынша заманауи талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетті.
 
Жаңғырту жұмыстары госпиталь қызметін тоқтатпай, кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бейінді бөлімшелерді басқа медициналық ұйымдарға көшіру жоспарланбаған, ұжым толық құрамда сақталады, ал пациенттерге медициналық көмек қалыпты режимде көрсетіле береді.
 
Құрылыстың бірінші кезеңі 2026 жылы басталып, 2028 жылы аяқталады. Жобаны толық іске асыру 2029 жылға дейін жоспарланған.
Жаңғырту нәтижесінде Ұлттық госпиталь жаңартылған операциялық блоктары, жоғары технологиялық жабдықтары, жайлы палаталары және медициналық үдерістерді басқарудың цифрлық жүйелері бар заманауи көпсалалы медициналық орталыққа айналады.
 
«Госпитальды жаңғырту медициналық көмекті одан әрі дамыту және емдеудің заманауи стандарттарын енгізу үшін қажетті қадам болып табылады», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы Ұлттық госпиталінің директоры Асхат Бралов.

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время