НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Әрбір сәтім есімде қалды

   – Бүгін зейнеткерлік демалысқа шығар алдындағы соңғы кезекшілігімді өткіздім. Шынымды айтсам, әріптестерімді қимай тұрмын, – дейді Ұлттық госпитальдің кардиоваскулярлық бөлімшесінің ота жасау кабинетінің мейірбикесі Гүлзина Акимбекова.

   44 жыл медицина саласында қызмет еткен ол еңбек жолын мектеп қабырғасынан соң №12 орталық клиникалық ауруханада жедел ота жасау бөлімінде бастаған. 1982–1985 жылдары Алматы қаласының медициналық колледжінде оқып, мейірбике мамандығын алып шықты. Қаладағы №7 клиникалық аурухана ашылғанда ота жасау бөліміне жетекші маман ретінде шақырылыпты. Ал 1993 жылдан бастап Ұлттық госпитальде қызмет етіп келеді. Жұмыс істей жүріп, 2002–2004 жылдары академиялық бакалаврды мейірбике ісі мамандығы бойынша тәмамдаған.

   – Қызмет барысында есте қалатын жағдайлар өте көп. Ұлттық госпитальде тұңғыш рет лапароскопия арқылы ота жасаған медицина ғылымдарының докторы Н. Қазыбаевпен, профессор С. Байжановпен осындай тарихи сәтті бірге өткізгенім мәңгі есімде қалды. Сондай-ақ академик М. Әлиевпен, профессор Т. Сұлтанәлиевпен, Е. Айдарханұлы сынды дәрігерлерден үйренгенім көп. Ұрпақтар сабақтастығы десек, менің маман болып қалыптасуыма осындай азаматтар үлкен үлес қосты, – деп еске алды Г. Тұралықызы.

   Медицина қарқынды дамып, жаңа технологияларды қолдану барысы мамандардан жоғары біліктілікті талап етеді. Г. Тұралықызы өзі жұмыс істейтін бөлімшеде кардиоваскулярлық және эндоваскулярлық интервенция бағытында рентген сәулесі арқылы ота жасау тәсілдерін меңгерген. Бүгінгі күні Д. Маханов, С. Төлеуханұлы, Е. Салаватұлы сынды әріптестерімен бірге талай адамды ажалдан арашалап қалса, аритмология отасында Р. Реквава, Г. Маратқызы секілді жоғары санатты дәрігерлермен қоян-қолтық жұмыс істеген.

   Адал еңбек әрқашан бағаланады. ҚР Президенті Іс басқармасының 30 жылдығына орай Г. Акимбекова төсбелгімен марапатталған. Талай жас маманға білгенін үйретіп, тәжірибесін ортаға салып келе жатқан білікті маманды әріптестері сый-құрметпен шығарып салды.

   – Ендігі жоспарым – бала-шаға, немерелеріме көбірек көңіл бөлу. Достарыммен саяхатқа шығамын. Елімізді аралап, тамаша табиғат пен тарихи орындардан ләззат алсам деймін. Тағы бір мақсатым – шет елдерге сапарлап, таным көкжиегімді одан әрі кеңейту. Ал Ұлттық госпиталь ұжымы менің мәңгі жүрегімде қалады, – дейді Г. Тұралықызы.

Каждое мгновение осталось в моей памяти 2

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время