Жыл сайын мыңдаған қарт адамдар үйінде құлайды. Олардың көбісі жарақаттар және ауыр сынықтарды алады, оның ішінде жамбас мойынының сынуы, білек және балтыр, жамбас сүйектерінің, омыртқалардың сынуы жиі кездеседі.
Құлау көбінесе тұрмыстық жағдайларда мән берілмейтін сыртқы себептерге байланысты болады, бірақ оларды оңай жоюға болады.
ЕГДЕ АДАМДАРДЫҢ ҚҰЛАУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ҮЙДІ ЖАЙЛАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТЕР
- Әрбір бөлмедегі еденнің жағдайын тексеріңіз. Еденнің беті тегіс, бірақ тайғақ емес болуы тиіс.
- Үйде жақсы жарық орнатыңыз. Жоғары қуатты шамдарды пайдаланыңыз. Флуоресцентті шамдар үнемірек және жарықтырақ, үй-жайды жақсы жарықтандырады.
- Сізге үйде жүріп-тұру ыңғайлы болуы керек. Өту жолдарын босатыңыз, қажет болған жағдайда біреуден жиһазды орнын ауыстыруды сұраңыз. Жиһаздар шайқалмауы тиіс, тербелмелі жиһазды дұрыс орнатыңыз.
- Қарт адамның жүру жолында еденнен барлық бөгде заттарды (аяқ киім, жануарлардың ыдыстарын, сөмкелер, қораптар, сымдар және т.б.) алып тастаңыз.
- Ең жиі пайдаланылатын заттарды төменгі сөрелерде сақтаңыз (шамамен белдік деңгейінде).
- Еденде жеңіл сырғанайтын кілемшелерді алып тастаңыз немесе сырғанауды болдырмайтындай етіп еденге бекітіңіз.
- Кереуеттің биіктігін тексеріңіз. Матрастың жоғарғы шеті Сізге отыру және тұру оңай болуы үшін тізе деңгейінде болуы тиіс.
- Сізге қажет көзілдірік, дәрі-дәрмек, су, телефон, сағат, кітаптар, газеттер сияқты барлық заттар қолыңыз ыңғайлы жететін жерде қойыңыз.
- Шамдарды төсеке жақын қол жетімді оңай қосатындай етіп орнатыңыз.
- Ұзартқыштарды, кәбельдерді, шамдардан алынатын сымдарды, телефон кәбілдерін бұраңыз немесе оларды қабырғаға тығыз бекітіңіз. Қажет болған жағдайда электрикті шақырып, қосымша розеткаларды орнатыңыз.
- Маманды шақырып, ваннаның ішіне және унитаздың жанына тұтқа орнатыңыз.
- Ваннаның еденінде және себезгі кабинасында сырғанауға қарсы кілемше немесе өздігінен жабысатын сырғанауға қарсы таспаларды пайдаланыңыз.
- Біреуден үйіңіздің ішіндегі және сыртындағы барлық баспалдақтардың шеттерін анық көру үшін табалдырығын ашық бояумен белгілеуді сұраңыз.
ҚАРТ АДАМҒА ӨЗ БЕТІНШЕ НЕ ІСТЕУГЕ БОЛМАЙДЫ:
- Асханадағы биік үстіңгі сөрелерден, антресольдерден, биік аспалы шкафтардан заттарды өз бетінше жоғарыға көтеріліп алу.
- Артқы жағы жоқ аяқ киімді киіп жүру, олар құлау қаупін арттырады және жиі аяқ астынан сырғып кетеді.
- Баспалдақтар мен орындықтарға дербес көтерілуге болмайды.
ҚҰЛАУ ҚАУПІН ТӨМЕНДЕТУ ҮШІН ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫМДАР
Үнемі дене жаттығуларымен айналысыңыз. Физикалық жүктеме денеңізді күшейтеді және үйлестіруді жақсартады.
- Дәрігеріңізбен кеңесіңіз және Сіз қабылдайтын барлық дәрілерді қарап шығуды сұраңыз. Олардың кейбіреулері ұйқылық тудыруы немесе назар аударуды төмендетуі мүмкін.
- Көру қабілетіңізді жылына кемінде бір рет тексеріңіз. Нашар көру құлау қаупін арттырады.
- Жатқан және отырған күйінен баяу көтерілуге тырысыңыз. Тез тұрғанда басыңыз айналуы мүмкін, бұл қалаудың қауіпін тудырады.
- Егер сізге аяқ киімді байлау қиын болса, шілтер (шнурки) орнына кең резеңке тігіп немесе жабысқақ ілгек жасаған жөн.
ҚОСЫМША ҰСЫНЫМДАР
- Үйдегі әрбір телефонның жанына шұғыл қызметтердің номірлерін тіркеңіз.
- Телефон аппаратын еденге жақын орнатыңыз, құлаған кезде және көтеріле алмайтын болсаңыз оған жеңіл жетуіңіз қажет.
- Егер құлап, орнынан тұра алмайтын болсаңыз, ұялы телефонды дабыл белгісін беру үшін пайдалануды үйреніңіз.
- Өзіңіздің емдеуші дәрігеріңіздің, жақын туысқандарыңыз бен достарыңыздың аттары мен телефон номерлерін жазып, қол жетімді жерде сақтаңыз, қажет болған сәтте олар маңызды медициналық ақпаратты айтып береді немесе шұғыл көмекті шақыра алады.
- Сіздің жақындарыңыз паспорттың, туу туралы куәліктің, басқа да жеке құжаттарыңыздың, әртүрлі түбіртектердің қайда сақталғанын білулері тиіс.
ӨЗІҢІЗДІ САҚТАҢЫЗ ЖӘНЕ ӘРҚАШАН САУ БОЛЫҢЫЗ



