Бөлімше туралы:
Кардиоваскулярлық бөлімшенің қызметі 2025 жылдың қаңтар айынан басталды. Осы кезеңге дейін бөлімше үш бөлек құрылым ретінде жұмыс істеді (кардиология, жүрек-қантамыр хирургиясы орталығы, интервенциялық кардиология).
Мамандардың жоғары біліктілігі мен заманауи техникалық жабдықталудың арқасында біз ауыр жүрек-қантамыр патологиясы бар науқастарға, соның ішінде бүйрек жеткіліксіздігі, бронх-өкпе аурулары, ми қанайналымының бұзылыстары және онкологиялық диагноздармен қатар жүретін күрделі жағдайларда да сәтті оталар жасаймыз.
Бөлімшеде жүректің ишемиялық ауруы бар науқастарға ашық жүрекке жасалатын оталар (аутовеналармен аортокоронарлық шунттау 3-5 шунт), сондай-ақ аз инвазивті әдістермен (коронарография, коронарлық артерияларды стенттеу) ем жүргізіледі.
Дәрігерлер жыл сайын шамамен 1000-ға жуық коронароангиография (КАГ) және 300-ден астам коронарлық артерияларды стенттеу рәсімдерін орындайды. Бұл жоспарлы түрде де, жедел жүрек-қантамыр жағдайларында да уақтылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Бөлімшеде жүрек ырғағының түрлі бұзылыстары кезінде криоабляция және радиожиілікті абляция жүргізіледі. Бұл әдістер ашық ота жасамай-ақ аритмия ошақтарын тиімді жоюға және қалыпты ырғақты қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, антиаритмиялық құрылғылардың барлық түрлері имплантацияланады.
Ангиохирург дәрігерлер шеткері артериялар аурулары мен веналық патологиялар кезінде түрлі оталар орындайды.
Қызметтер:
1) Жүрек-қантамыр патологиясы бар науқастарға консервативті терапия;
2) Келесі ота түрлері орындалады:
- Селективті коронароангиография;
- Коронарлық артерияларды стенттеу;
- Вентрикулография;
- Шунтография;
- Аортография;
- Жүрек қуыстарын катетеризациялау;
- Бір камералы электрокардиостимулятор имплантациясы;
- Екі камералы электрокардиостимулятор имплантациясы;
- Үш камералы (ресинхронизациялаушы) электрокардиостимулятор имплантациясы;
- Кардиовертер-дефибриллятор (ИКД) имплантациясы;
- Уақытша кардиостимулятор орнату;
- Әртүрлі аритмия түрлеріне радиожиілікті немесе криоабляция;
- Ашық жүрекке жасалатын оталар (жоспарлы және шұғыл);
- Жұмыс істеп тұрған жүректе және жасанды қанайналым жағдайында аортокоронарлық және маммарокоронарлық шунттау;
- Мини-қолжетімділік арқылы аортокоронарлық шунттау;
- Жүрек қақпақшаларын реконструкциялау оталары;
- Жүрек қақпақшаларын протездеу оталары;
- Аорта мен магистральды тамырларға жасалатын оталар;
- Ересектердегі туа біткен жүрек ақауларына оталар (ЖАҚА – жүрекшеаралық қалқа ақауы);
- Бүйрек тамырларының ангиографиясы және стенттеу;
- Төменгі аяқ-қол тамырларының ангиографиясы, баллонды ангиопластикасы және стенттеу;
- Жатыр артерияларын эмболизациялау;
- Қуықасты безі артерияларын эмболизациялау;
- Ұзақ мерзімді веналық катетерлер орнату (гемодиализ, химиотерапия, ұзақ мерзімді антибиотиктік терапия, парентералды қоректендіру үшін);
- Веналардың эндовенозды лазерлік коагуляциясы (варикоз ауруы);
- Құрсақ және кеуде аортасына стент-графт орнату;
- Каротидті эндартерэктомия;
- Аорта-феморальды бифуркациялық шунттау;
- Феморальды-феморальды, феморальды-подколенді шунттау;
- Кроссэктомия, үлкен және кіші теріасты веналары (ҮТВ, КТВ);
- Жоғарғы және төменгі аяқ-қол магистральды артерияларынан тромбэктомия;
- Төменгі аяқ-қолды, табанды және табан саусақтарын әртүрлі деңгейде ампутациялау.
Бөлімше дәрігерлері:
Маханов Данияр Индемесұлы – бөлімше меңгерушісі;
Дусекеева Гульноза Маратовна – дәрігер-аритмолог;
Ержанов Самат Төлеуханұлы – дәрігер-ангиохирург;
Майдыров Ердан Салаватұлы – интервенциялық кардиолог дәрігер;
Полумисков Дмитрий Владимирович – рентген-хирург дәрігер;
Хуров Мумбарек Санхурович – рентген-хирург дәрігер.
Кардиохирургия:
Наржанов Данияр Қалдыбекұлы – дәрігер-кардиохирург;
Исаева Айнаш Нағызбекқызы – дәрігер-кардиохирург;
Кобжанова Меруерт Нұрланқызы – дәрігер-кардиохирург;
Алтай Мадьяр Мұхитұлы – дәрігер-ангиохирург.
Кардиология:
Маханова Балауса Дулатовна – аға дәрігер;
Даулетова Гульмира Смағұлқызы – дәрігер-кардиолог;
Скакова Айжан Оразғалиевна – дәрігер-кардиолог.