НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК
Ми және омыртқа жарақаттары, ісіктері анатомиялық жағынан алғанда күрделі жерде орналасқан зақымданулар тобына жатады. Ондай зақымдануларды емдеу дәрігерлер үшін аса қиын және олар мәселені шешіп қана қоймай, ағзамыздың анатомиясы мен функциялық бөліктерін сақтап қалуды талап етеді. Осыған орай, хирургиялық дағдылар мен озық технологиялар емдеудегі оңды нәтиженің кепілі болып табылады.
Ұлттық ауруханада миға және жұлынға нейроэндоваскулярлық араласулар, жіті инсультке эндоваскулярлық нейрохирургия жасалады, ауырсыну синдромына интервенциялық ем жүргізіледі – үш тармақты невралгия және арқаның ауруы кезінде радиожиілікті абляция, миға және жұлынға микрохирургиялық араласулар, мидың созылмалы ишемиясы кезінде операциялар, омыртқа дискілерінің жарықтары кезінде эндоскопиялық хирургиясы жасалады.
Ұлттық аурухананың нейрохирургия орталығы JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Әртүрлі нейрохирургиялық ауруларды диагностикалау және емдеудің әдістері жетекші Жапон, Неміс, Америкалық және Корей өндірушілерінің PREMIUM классты жабдықтарында жасалады.
Зерттеулер мен диагностика талдаулардың дұрыстығы мен нәтижесінің жылдамдығы бойынша алдыңғы қатарлы, Қазақстан Республикасындағы және Орталық Азиядағы ең ірі көп бейінді зертханада жасалады.
Барлық пациенттер аурухана стационарында бақылауда болады, оларға стандартты диеталар ғана емес, ақуызды-энергетикалық жеткіліксіздігі бар, операциядан кейінгі, тамақты қабылдамайтын, сондай-ақ жанамалас аурулары бар науқастарға жекелеген тәсілдер пайдаланылады.
Көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар, біліктілігі жоғары дәрігерлер кәсіби деңгейде барлық қажетті медициналық емшараларды жасайды. Бөлімше қызметкерлері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.
Нейрохирургия бөлімшесі оқыту шеберлік-сыныптары мен халықаралық конференцияларды үздіксіз өткізіп тұрады. Бөлімше жақын және алыс шетелдегі клиникалардың жетекші нейрохирургтарымен ынтымақтастық жасап тұрады, бірлескен консилиумдар, қажет болған жағдайда клиникамызда бірлескен емдеу жүргізіп тұрады.
Пациенттер бес жұлдызды қонақ үй деңгейіндегі, қажеттінің барлығымен жабдықталған (жеке сан.торап, душ, жайлы төсектер және т.б.), жайлы палаталарға орналастырылады.
Стационарға емдеуге жатқызу екі ағым бойынша: ақылы негізде және портал бойынша (хирургиялық емдеуге арналған «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі» шеңберінде) іске асырылады.
Жасалатын операциялар тізімі:
Нейроэндоваскулярлық операциялар:
Микронейрохирургиялық операциялар:
Омыртқаның дегенеративті аурулары кезінде жасалатын операциялар (остеохондроз):
Шеткі жүйкелердің микрохирургиялық операциялары:
Нейрохирургиялық орталық басшысы: Бердиходжаев Мынжылкы Сайлауович – денсаулық сақтау магистрі, жоғары санатты дәрігер-нейрохирург, дәрігер-рентгенхирург.
Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время