НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК
Статистикаға сәйкес, әрбір екінші әйелдің гинекологиялық аурулары бар, әрбір бесінші әйелге онкологиялық патологияға диагностика жасалынады.
Әйел денсаулығы – ерекше тақырып: тіпті жеңіл желпі сырқаттың өзі нәзік жандылардың мазасын қашырады. Әйелдер гинекологиялық аурулары туралы өзінің жақын адамдарына да жиі айтпайды. “ҚР ПІБ МО ауруханасы” ШЖҚ РМК гинекология бөлімшесі JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес өз пациенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Диагностика және емдеу әдістері жапондар мен немістердің алдыңғы қатарлы өндірушілерінің PREMIUM класты жабдығында жүргізіледі.
Зерттеу және диагностика талдау нәтижелерінің дұрыстығы мен жылдамдығы бойынша көш бастап тұрған Қазақстан Республикасының және Орталық Азияның көп салалы ірі зертханасында жасалады.
Гинекология бөлімшесі халыққа гинекологиялық ауруларды хирургиялық емдеуді, яғни дәстүрлі (қынап арқылы немесе лапаротомия жолымен), сондай-ақ эндовидиохирургиялық жолды ұсынады:
Аурухана стационарындағы барлық пациенттерге жеке стандартты емдәм тағамдарымен қатар ақуыз-энергиясының жеткіліксіздігі бар ауыр науқастарға, операциядан кейінгі науқастарға, асқазаны тағамды қорыта алмайтын науқастарға, сондай-ақ осыған ұқсас әр түрлі аурулары бар науқастарға жеке емдеу тәсілдері қолданылады.
Бөлімшеде барлық қажеттіліктермен жабдықталған 5 жұлдызды қонақ үй деңгейіндегі бір, екі және үш орынды палаталар қарастырылған (жеке санитарлық торап, душ, жайлы төсектер және т.б.). Қамқор және кішіпейіл қызметкерлер тез сауығып кетуге ықпал ететін жайлы жағдай жасайды.
Бөлімшенің жоғары білікті дәрігерлері әйелдердің жыныс органдарына жүргізілетін барлық операция түрлері, соның ішінде аз жарақаттайтын және аз инвазивті операциялар тәсілін меңгерген. Біздің дәрігерлер гинекологиялық ауруларды емдеудің заманауи әдістемесін үйрене және практикада қолдана отырып, кәсіби тәжірибесін тұрақты негізде арттырып отырады.
Стационарға емдеуге жатқызу екі түрлі жолмен: ақылы және портал бойынша жүргізіледі («Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі» шеңберінде).
Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время