NATIONAL HOSPITAL OF MC UDP RK

national hospital of mc udp rk

Дәріхананың сапа сертификаты

   Ұлттық госпиталь дәріханасы GPP тиісті дәріханалық практика стандарттарына сәйкестігі туралы сертификат алды.

   Good Pharmacy Practice — бұл фармацевтикалық қызмет көрсетудің жоғары сапасын және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған стандарттар мен ұсынымдар жиынтығы.

   Дәріхана меңгерушісі Әлия Батырбекова Медицина орталығының дәріхана жүйесінде 27 жылдан астам жұмыс істеп келеді.

   — GPP сертификатын алу — бұл дәріхана ұжымының үлкен жұмысы.

   Сертификат көптеген артықшылықтар береді, атап айтқанда қызмет көрсету сапасын арттырады, дәрілік терапиядағы қателіктерге байланысты қауіптерді азайтады, бұл пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Сертификат качества для аптеки каз