NATIONAL HOSPITAL OF MC UDP RK

national hospital of mc udp rk

Эпилепсиядан ісіктерге дейін

Қарағанды қаласында Қазақстан нейрохирургтерінің VI конгресі өтті. Оған біздің жетекші маманымыз Шаяхмет Маханбетхан да қатысты.
 
Конгресте өз тәжірибелерімен тәжірибелі нейрохирургтер де, жас ғалымдар да бөлісті. Екі күн бойы дәрігерлер отандық және әлемдік нейрохирургияның маңызды бағыттарын талқылады. Атап айтқанда: эпилепсияны емдеудегі гендік терапия, Паркинсон ауруына шалдыққан науқастардағы мидың терең ядроларын стимуляциялау, инсультті емдеу және оның алдын алу, сагитталды краниостеноз, аневризма, глиома, менингиома, омыртқаның инелік биопсиясы, иық буындарының клиникалық зақымданулары және басқа да көптеген мәселелер.
 
Мұндай кездесулер медицинаның, соның ішінде біздің аурухананың дамуы үшін аса маңызды екені сөзсіз.
От эпилепсии до опухолей