Ұлттық госпитальдің сәулелік диагностика бөлімінде сирек жүргізілетін зерттеулер орындалады – онкоскринингке арналған бүкіл дененің МРТ-сы және шұғыл жағдайларда қолданылатын жедел хаттама бойынша (фаст-протокол) МРТ. Бірінші зерттеу онкологиялық ауруларды дәл анықтауға мүмкіндік берсе, екіншісі небәрі 4 минут ішінде нәтиже береді, бұл жоспардан тыс ауруханаға жатқызу кезінде өте маңызды.
— Болашақта зерттеу уақыты одан әрі қысқарып, дәлдігі арта түседі, — дейді бөлім меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Мағжан Садықов. — Мен жұмысымды бастаған кезде аппараттың қуаты небәрі 2 тесла болатын. Қазір госпиталіміз қайта жаңғыртудан өткен соң, біз 640 деңгейіндегі жаңа жүйені іске қосамыз.
Мағжан Садықов осы салада ширек ғасырдан астам еңбек етіп келеді. Ол Қазақстандағы сәулелік диагностикада жасанды интеллектіні енгізудің бастауында тұрған мамандардың бірі. Соған қарамастан, оның пікірінше, жасанды интеллект рентгенологтардың еңбегін алмастырмайды, тек жұмысын жеңілдетеді.
— Білікті мамандар әрдайым сұранысқа ие болады. Тәжірибе жинақтаған сайын біз адамдардың жағдайын аппаратсыз-ақ жақсы түсіне аламыз. Машинадан айырмашылығымыз – диагноз анықталған кезде науқасты күйзеліске түсірмей, керісінше емделуге және сауығуға ынталандыратын дұрыс сөз таба білеміз.
ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК
Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время