Кәсіби мерекелері қарсаңында Ұлттық госпиталь қызметкерлері үстел теннисінен турнир өткізді. Жарысқа әртүрлі бөлімшелерден, әкімшілік пен қауіпсіздік қызметінен 20 қызметкер қатысты.
Үстел теннисі өте пайдалы спорт түрі болып саналады, өйткені ол қызықты әрі тартысты ойын, жүрек-қан тамырлары жүйесіне жақсы жүктеме береді және жоғары зейін мен ойлау шапшаңдығын талап етеді.
Бұл спорт түрі XIX ғасырдың соңында Англияда үлкен теннистің баламасы ретінде пайда болған. Ағылшындар ұзақ қыс мезгілінде уақыттарын тиімді өткізу үшін пинг-понг ойнаған, өйткені жылдың сол кезеңінде олар көбіне ғимарат ішінде болатын.
1988 жылы үстел теннисі кең таралған бұқаралық спорт түрі ретінде Олимпиада бағдарламасына енгізілді. Себебі сол уақытта теннис үстелдері көптеген елдерде кеңінен қолданылатын. Ұлттық госпиталь қызметкерлері де пинг-понгты ерекше жақсы көреді.
ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК
Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время