НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Атрофиялық гастрит  – қатерлі ісіктің қауіпі

   Атрофиялық гастрит – асқазанның шырышты қабығының созылмалы ауруы. Ол асқазан қышқылы өндірісінің төмендеуіне және ас қорыту проблемаларына әкеледі. Бұл  халықтың 30% -дан астамында және көбінесе 55 жастан асқан адамдарда байқалады және  әлем бойынша асқазанның қатерлі ісігінің негізгі себебі болып саналады.  Осы тақырып жайлы Ұлттық госпитальдің  жоғары санатты гастроэнтеролог-онколог дәрігері Гауһар Бахтанқызы Исаковадан сұхбат алған едік.

 

    – Елімізде  H. pylori инфекциясының деңгейі жоғары,  демек, асқазан қатерлі ісігінің  мүмкіндігі жоғары.Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың  мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда асқазанның  қатерлі ісігі басқа онкологиялық аурулардың арасында үшінші орында және өлім көрсеткіші бойынша екінші орында тұр.

   Асқазан ас қорытуда, секреторлық (асқазан сөлін және тұз қышқылын өндіру), қозғалғыштық (асқазаннан тамақты ішекке жылжыту), эвакуация (асқазаннан тамақты ішекке шығару) және эндокриндік (гастрин, қышқылдық гормон сияқты гормондарды өндіру, қышқылдық гормон және т.б.) сияқты функцияларды атқарады. Атрофиялық гастрит кезінде асқазанның шырышты қабатындағы жасушалар азайып, өледі. Бұл осы функциялардың бұзылуына әкеледі.  Шырышты қабаттың прогрессивті атрофиясы10-15 жастан басталады . Асқазан сөлінің бөлінуі жыл өткен сайын азаяды, бұл пепсиннің (асқазан ферменті) төмендеуіне, қышқылдықтың төмендеуіне және асқазан жасушаларының ішек жасушаларымен алмастырылуына әкеліп соғады.  Соңы  қатерлі ісіктің дамуына әкеледі. Сонымен қатар, асқазан Castle’s intrinsic factor (немесе Castle’s factor) деп аталатын тағамдық В12 витаминімен байланысатын және оның аш ішекте сіңуін жеңілдететін арнайы ақуыз  шығарады.

   Castle факторының жеткіліксіз синтезі ағзаның  осындай  маңызды дәруменді сіңіре алмауына әкеледі. В12-тапшылығы  анемияны тудырады, ол Аддисон-Биермер анемиясы деп аталады. Бұл Зиянды анемия деп те аталады, себебі гемопоэз бұзылып, эритроциттердің жойылуының жоғарылап, неврологиялық белгілер байқалады .

Атрофиялық гастриттің себептері неде?

   Атрофиялық гастриттің негізгі себептерінің бірі – зақымдаушы жағдайлардың  әсері.  Басым көпшілігінде (85% дейін) ол Helicobacter pylori инфекциясынан туындаған кең таралған, ұзақ мерзімді гастриттен пайда болады. 10%  жағдай  аутоиммунды ауруларға байланысты. Мұндай  кезде ағзаның иммундық жүйесі асқазан жасушаларына шабуыл жасап, қабыну мен өлімге әкеледі.

Аурудың өршуінің аса қауіпті жағдайлары қандай?

   Ащы, қуырылған, ысталған тағамдардың, газдалған сусындар мен қою кофенің көп мөлшері, тағамдық бояу көп мөлшерде қосылған тағамдарды ұзақ уақыт пайдалану, темекі шегу және ішімдікті шамадан тыс қолдану,  дәрілік заттарды бақылаусыз және ұзақ қолдану (антибиотиктер,қабынуға қарсы препараттар, цитостатиктер),  он екі елі ішектен асқазанға өт рефлюксі жағдайлары.  Сондай-ақ жас мөлшері 50 ден асқан  және психоэмоционалды күйзеліске бейім адамдарда кездеседі.  Генетикалық бейімділік, зат алмасу ауруларын (тиреотоксикоз, қант диабеті) қоса кеткен дұрыс.

Атрофиялық гастрит қалай дамиды?

   Атрофиялық гастриттің негізгі клиникалық мәселелерінің бірі – ұзақ асимптоматикалық ағымы . Атрофия жылдар бойы дамиды және белгілер көбінесе морфологиялық өзгерістер кезде ғана пайда болады. Кейде науқастарды   әдеттегі гастроскопия немесе анемияға тексеру кезінде диагноз қойылады. Процесс асқазан түбінен басталады, онда тұз қышқылын түзетін жасушалар орналасқан. Тізбек бойынша одан әрі асқазан сөлінің және оның компоненттерінің өндірісіне жауапты жасушалар зақымдалады. Нәтижесінде жеткіліксіз қорытылған тағам асқазаннан ішекке өтеді, олар біздің денеміздің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет қоректік заттарды сіңіре алмайды.  Сапасы нашар  тамақ, зиянды әдеттер және басқа факторлар жағдайды одан әрі ушықтырады және патологиялық процестің өршуіне ықпал етеді.

   Осылайша  қорытылмаған тағам асқазан-ішек жолында сіңірілмейді. Нәтижесінде қоректік заттардың, витаминдердің және минералдардың жетіспеушілігі асқазанның шырышты қабатының жұмысының  нашарлауына, оның ішек эпителийімен (метаплазия) ауыстырылуына және ағзаның басқа жүйелерінің бұзылуына ықпал етеді.

   Тамақтанғаннан кейін  1–1,5 сағаттан кейін пайда болатын асқазанның шұңқырындағы түтіккен,  ауырсыну, жағымсыз иіспен кекіру,жүрек айнуы, тәбеттің төмендеуі, метеоризм, диарея тәрізді нәжіс,  салмақ жоғалту, әлсіздік  және бас айналу В12 тапшылығы анемиясының белгілері болып табылады.  Ал әйелдерде атрофиялық гастрит көбінесе аутоиммунды түрде кездеседі, бұл ағзаға  тән аутоиммундық ауруларға  бейімділікке байланысты. В12-тапшылығы анемияның белгілері  қатты шаршау,  бозару, күнделікті жүктемеден ентігу,  шаштың түсуі  мен тырнатың сынуы  асқазан патологиясымен байланысты.  Ал В12 тапшылығының неврологиялық көріністері — аяқ-қолдардың ұюы мен қышуы, жүрістің тұрақсыздығы, әйелдердегі остеохондроз немесе вегетативті дисфункция. Астено-невротикалық синдром және жұмыс қабілетінің төмендеуі жиі байқалады.  Тексеру  кезінде қызыл қан жасушаларының жойылуына байланысты  терінің құрғауы және бозғылт, сарғыш реңктің  байқалуы. Иммундық жүйенің әлсіреуіне байланысты ауыз қуысында жаралар пайда болады. Тіл қалың сұрғылт түсте, ісінген, шеттерінде тіс іздері болады.  Мұндай жағдайды  диета, дұрыс тамақтану және дәрі-дәрмек арқылы ғана емдеуге болады.

Бұл аууру қалай емделеді?

    Атрофиялық гастритті жалпы тәжірибелік дәрігерлер немесе гастроэнтерологтар анықтап,  емдейді. Алтын стандарт – биопсия мен фиброгастроскопия.  Емдеу барысында дәрігер сырқаттың деңгейін анықтайды.  Одан әрі гистологиялық зерттеу жүргізіп,  қатерлі ісік ауруын болдырмау үшін шырышты қабықтың әртүрлі аймақтарынан биопсиялар алады. Helicobacter pylori сынағы да жүргізіледі, себебі бұл бактерия атрофиялық гастриттің негізгі себебі болып табылады. Зертханалық талдамалар қанның жалпы саны және биохимиялық панель, гастро-панель (атрофияның дәрежесін бағалау үшін пепсиноген мен гастрин-17 деңгейін өлшейтін) және нәжіс талдамасы кіреді. Қажет болған жағдайда  дәрігер қосымша сынақтарды тағайындайды.

   Біріншіден, созылмалы атрофиялық гастритпен ауыратын науқастарда асқазан-ішек жолдарының басқа ауруларының өсу  ықтималдығы бірнеше есе жоғары болады.  Екіншіден,  асқазанда гормоналды белсенді карциноидты ісіктердің даму қаупі 5-8 есе жоғары.

  Тек білікті маман әрбір адамның ерекшеліктерін ескере отырып, диагноз қойып, ем  тағайындайды.  Жоғалған без тінін қалпына келтіру мүмкін емес, сондықтан емдеу атрофияның дамуын тоқтатуға, себебін жоюға, функционалдық бұзылуларды түзетуге және қатерлі ісік қаупін азайтуға бағытталған. Скринингтерден қашпаңыз! Биопсиямен тұрақты гастроскопия ісік пайда болғанға дейін қауіпті өзгерістерді  анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу кезінде жоғары дәрежелі дисплазия анықталса,  зардап шеккен шырышты аймақты эндоскопиялық алып тастау қажет. Көптеген адамдар өзінің денсаулығына  көңіл бөлмейді және атрофиялық гастрит қаншалықты қауіпті екенін түсінбейді. Диеталық қоспалар, шөптер және халықтық медицина бұл жағдайды шеше алмайды. Егер сізде немесе сіздің жақындарыңызда асқазанның бұзылуы  белгілер болса  маманмен кеңесу керек. Өзін-өзі  емдеуге қатаң тыйым салынады!

 

АТРОФИЧЕСКИЙ ГАСТРИТ 1

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время