НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күні: өзіңізге қамқорлықты бүгіннен бастаңыз

    Денсаулық – дұрыс өмір салтын ұстану арқылы ғана сақталатын ең басты байлық. Жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы денсаулықтың тек аурудың болмауы емес, сонымен қатар физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқаттың толық күйі екенін еске салады. Ең маңыздысы — денсаулыққа әсер ететін көптеген факторлар өз қолымызда және өз бақылауымызда.

   2026 жылғы Дүниежүзілік денсаулық күні ұраны: «Бірге – денсаулыққа. Ғылыммен бірге»

Жақсы көңілкүй мен денсаулыққа апаратын қарапайым қадамдар

   Көбірек қозғалыңыз

   Күніне кемінде 30 минут орташа дене белсенділігі (жаяу жүру, дене жаттығулары, баспалдақпен көтерілу, велосипед тебу, би) сергектік пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Дене белсенділігі жүрек-қантамыр ауруларының, қант диабетінің және семіздіктің қаупін төмендетеді.

Қозғалыс өмір!

Өмір қозғалыс!

   Дұрыс әрі  құнарлы тамақтаныңыз

   Тамақтану режимін сақтаңыз. Күніне кемінде 400 г көкөніс пен жеміс-жидек тұтыныңыз, жаңа сығылған шырындардықосыңыз. Бұл иммунитетті күшейтеді, асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартады және созылмалы аурулардың қаупін төмендетеді. Фаст-фуд пен зиянды тағамдарды шектеп, көкөністерге, жемістерге және дәнді дақылдарға басымдық беріңіз.

Бұл дәмді әрі пайдалы!

   Суды жеткілікті мөлшерде ішіңіз


   Су теңгерімі ағзадағы зат алмасуды қалыпқа келтіріп, барлық мүшелердің дұрыс жұмысын қамтамасыз етеді. ДДҰ сарапшылары тәулігіне орта есеппен 2–2,5 литр су ішуді ұсынады.

Қарапайым есеп:
күніне 1 кг дене салмағына – 30 мл су.
Ыстық күндері суды шөлдеу сезіміне қарай көбейтіңіз.

   Сапалы ұйқыны қамтамасыз етіңіз

   Күніне 7–8 сағат ұйықтау — ағзаның қалпына келуі, иммунитеттің нығаюы және стресске төзімділіктің артуы үшінмаңызды. Түнгі ұйқыға мүмкіндігінше түн ортасына дейін жатқан жөн. Ұйықтар алдында бөлмені жақсы желдетіңіз.

Салауатты ұйқы – денсаулықтың негізі!

   Стрессті басқаруды үйреніңіз

   Жағымсыз эмоциялар денсаулыққа кері әсер етеді.  Стресті жеңуге сүйікті іс, спорт немесе жаңа хобби көмектеседі. Қысқа үзілістер, тыныс алу жаттығулары, таза ауада серуендеу — психоэмоционалдық денсаулықты сақтаудың қарапайым әрі тиімді тәсілдері.

Эмоцияларыңызды бақылап, әр нәрсеге мейіріммен және позитивпен қарауға тырысыңыз

   Денсаулығыңызды тексеріп жүріңіз


   Сіз соңғы рет қашан профилактикалық тексеруден өттіңіз? Артериялық қысымыңызды   өлшедіңіз бе? Қандағы қант, холестерин, несеп қышқылы деңгейін білесіз бе? Дене салмағы индексін бақылап жүрсіз бе?

Тұрақты профилактикалық тексерулер ауруларды ерте кезеңде анықтауға және емнің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді

   Зиянды әдеттерден бас тартыңыз

   Темекі шегу, алкогольді шамадан тыс тұтыну және басқа да зиянды әдеттер ағзаға тек зиян келтіреді.

Кішкентай әдеттер – үлкен нәтижелер:

  • Таңертеңгі жаттығудан бастаңыз

  • Тәтті сусындардың орнына су ішіңіз

  • Серуендеуді күнделікті өміріңіздің бір бөлігіне айналдырыңыз

  • Жиі күліңіз — бұл да денсаулыққа пайдалы

   Есіңізде болсын: денсаулық бұл сіздің таңдауыңыз. Оны белсенділік, теңгерім және профилактика пайдасына жасаңыз!

Дүниежүзілік денсаулық күні құтты болсын!

   Смаилова Ф.К. СӨС дәрігері

Всемирный день здоровья 1

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время