Бұл – соңғы кезде жиі кездесетін ауру түрлерінің бірі. Кейбір ресми зерттеулерге сәйкес халықтың 0,5 тен 1 пайызына дейін осындай жағдайларды сезінеді екен. Мазасыздықтың пайда болуын үш топқа бөлуге болады:
- Дүрбелең алдымен адамдарда ауруын уаймдаудан басталады;
- Екінші топ: фобия, депрессия, жарақаттан кейінгі күйзеліс және шизофрения диагнозы қойылған адамдар;
- Қала тұрғындары және балалар мен жасөспірімдер. Шешілімеген күрделі мәселелер,тұрмыс тауқыметі, физикалық белсенділіктің болмауы ересектерді осы жағдайға әкеледі. Ал балалар мен жасөспірімдер дүрбелеңі емтихан алдандағы мазасыздық пен өзара тіл табыса алмау т.б туындайды.
Ұлттық госпитальдің психотерапевт дәрігері Ания Ерасылова өзіне келетін келетін науқастардың 40% жуығы осындай жағдайда болатынын және көпшілігі зорлық-зомбылықты бастан кешкен әйелдер екенін айтады.
– Іштегі мазасыздық, қорқыныш сезімдері дүрбелең шабуылдарына әкеледі. Бұл өліп қаламын деген қорқыныштан болатын өте жағымсыз психикалық ауытқу.Ұзақ уақыт күйзелісте, үреймен өмір сүріп жатқан адамдарда кездеседі. Физикалық тұрғыда қан қысымының көтерілуі, ауаның жетпеуі, жүрек қағуы, бас айналуы, жанын қоярға жер таппай, ауаны көбірек жұтуға тырысу сияқты үлкен дүрбелеңге әкеледі – дейді психотерапевт.
Басты себебі – адамның өмір сүру салтына байланысты. Бірақ көбінесе гармональді өзгерістер кезінде туындайды. Мысалы, адам мүшел жасқа кіргенде пайда болады. Сондай-ақ адамның психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты. Аса талапшыл, жасаукершілігі зор, қоршаған ортаға да талабы өте жоғары адамдар күйзелісте жүреді. Созылмалы күйзелістегі жағдай, бала кезінде алған жан жарақаты, ұйқының бұзылуы және әр түрлі миды қоздыратын сусындарды қабылдау да негізгі себептердің бірі. Дүрбелең шабуылдарын, мазасыздықты өз бетімен жеңу қиындау. Міндетті түрде мамандарға жүгіну керек. Психологиялық ауытқу болған жағдайда психотерапевт маманының кеңесі қажет. Негізгі ем– өмір сүру салтын өзгерту, дене шынықтыру, жағымсыз әдеттерден бас тарту – дейді Ания Серікқазықызы.


