НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Жолдау -жаңа дәүірдің стратегиялық бағдары

   Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы Қазақстанның жаңа тарихи кезеңге аяқ басқанын айқын көрсеткен маңызды құжат болды. Цифрландыру мен жасанды интеллект енді жай ғана тренд емес, ұлттық қауіпсіздік пен елдің болашағын айқындайтын стратегиялық факторға айналды.

   Президент үш жылдың ішінде Қазақстанды толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыруды мақсат етіп қойды. Яғни, елдің ертеңіне сын боларлық жауапты міндет тұр.

   Жолдауда нақты шешімдер ұсынылды. Атап айтқанда, жасанды интеллект министрлігін құру, жаңа инвестициялық циклді бастау, атом энергетикасын дамыту, сондай-ақ Alatau City қаласын іске қосу жоспарланған. Мұндай қадамдар Қазақстанды шикізатқа тәуелді ел ретіндегі ескі қалыптан шығарып, жаһандық технологиялық бәсекеде алдыңғы қатарға шығаруға бағытталған.

   Парламент реформасы да қоғам үшін маңызды қадам болып отыр. Бір палаталы модельге көшу бастамасы билік пен қоғам арасындағы сенім мен жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Бұл – саяси жүйенің эволюциясы, «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасын бекіте түсетін жаңа кезең.

   Жолдауды тек экономикалық немесе саяси бағдарлама ретінде ғана емес, стратегиялық карта ретінде қабылдаған жөн. Мұнда цифрландыру, индустрияландыру, су ресурстарын басқару, жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру, әлеуметтік жауапкершілік сынды негізгі басымдықтар айқындалды.

   Ең бастысы – қоғамға бағытталған үндеу: Қазақстанның келешегі еңбек пен білімге сүйенеді. «Еңбектен қашатын заман артта қалды», – деп атап өтті Президент.

Флаг РК 2

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время