НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Бүйрек ауруларының алдын алуға болады

   – Нефрология – бұл терапия саласының ішіндегісі ең күрделісі. Мені гломерулярлық ауруларды диагностикалау мен емдеу шаралары қызықтырады дейді Ұлттық госпитальдің 3-хирургиялық бөлімшесінің нефролог дәрігері Зарина Алмабаева. Зарина Ержанқызы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің түлегі. 95 жылдық тарихы бар ауруханада 2019 жылдан бері қызмет етіп келеді.

   Дәрігердің айтуынша қазіргі уақытта әлемдегі әрбір 10-шы адамда бүйректің созылмалы ауруы кездеседі. Сондай-ақ бүйрек жетіспеушілігі жылдан жылға жасарып келеді екен. Оның ең басты себептері – қант диабеті, артериялды гипертензия, гломеруляры аурулар, дәрі-дәрмектер, несеп-тас ауруы және т.б.

   – Бүйрек ауруының алдын алу үшін ересек адам тәулігіне 3 л көлемінде таза газдалмаған су ішу керек. Қандағы қант деңгейі мен қан қысымын қадағалап, бүйрекке зиянды дәрі-дәрмектерден (әсіресе ауырсынуды басатын) бас тартқан дұрыс – дейді Зарина Алмабаева.

   Сондай-ақ нефролог дәрігер су ішуді ұйықтар алдында 2 сағат бұрын тоқтату керектігін айтады. Газдалған тәтті сусындар көптеген ауруларға алып келеді, сондықтан әуес болмаған жөн. Бүйрек қызметін бақылап отыру үшін жылына 1 рет тексеруден өтіп отырған дұрыс. Жалпы қан, зәр талдамаларын тапсырып, қандағы креатинин, мочевина, глюкоза, холестерин, жалпы белок деңгейін тексеріп, бүйректің ультрадыбыстық зерттеуін жасау керек. Сонымен қатар қант диабеті немесе гипертониясы бар науқастар қан қысымы мен қандағы қант деңгейін бақылап отырғаны дұрыс – дейді нефролог дәрігер Зарина Ержанқызы.

Заболевания почек можно предотвратить рус

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время